04.01.2008, 16:39 2707

Шығыс Қазақстан облысында облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспар жасалды

Шығыс Қазақстан облысында облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспар жасалды

Семей. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспар жасалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 - 2010 жылдарға арналған болжамдық мәліметтер экономиканың нақты секторындағы, инвестициялық саясат саласындағы, әлеуметтік сала мен инженерлік инфрақұрылым саласындағы соңғы үш жылдағы ахуалды талдау негізінде еліміз бойынша болжамдық индикаторларды ескере отырып айқындалған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған құжат бойынша, 2008 жылы өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда өнім мөлшерін 9,1%-ға арттыру межеленген. Ауылшаруашылығының жалпы өнім мөлшері 89,9 млрд теңгеге жетіп, 3%-ға өседі, ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 108,8 млрд теңгеге дейін (өсім 12,7%) жетеді.

"Айлық орташа номиналдық жалақы 45 044 теңге көлемінде, 14,6% өсіммен болжанып отыр. Кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатқан тұлғалардың санын 12%-ға азайту көзделіп отыр", - деп мәлімдеді әкімшіліктегілер.

Орта мерзімді жоспар аясында сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен 21 млрд теңге көлемінде даму бюджеті межеленген. Бұл қаржы әлеуметтік сала мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын реконструкциялауға жұмсалады, соның ішінде 10,7 млрд теңге республикалық бюджеттен, 10,8 млрд теңге - жергілікті бюджеттен бөлінеді.

"Жергілікті бюджеттен 2008 жылы бөлінетін даму бюджетінің көлемі шамамен 2 есе өсетінін, ал республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының 2 есе азаятынн айта кету керек. Бұл Семей қаласындағы 3-ші ЖЭО құрылысын концессиялық басқаруға беруге байланысты, яғни, құрылыс шетелдік инвестициялардың есебінен жүргізіледі", -деп түсіндіреді әкімшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде облыста 22 өңірлік бағдарлама жүзеге асырылуда және қарастрылып отырған орта мерзімдік кезеңде тағы да осы тектес 13 бағдарлама жасау жоспарланған.

"Экономика саласында экономиканы әртараптандыру және оның шикізаттық бағытынан бас тарту басымдық ретінде қала береді", - деп нақтылайды әкімшіліктегілер. "Біз әлемдік стандарттар деңгейінде өнім шығаратын жаңа өңдеу өнеркәсіптерін ашуды, инновациялық технологияларды енгізуді одан әрі жалғастыра береміз. Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз етудің маңызы зор, өйткені шағын және орта кәсіпкерліктің табысты дамуы орта тапты қазақстандықтардың қалыптасуының кепілдігі болып табылады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Илеуметтік салада басты мақсаттардың бірі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға саяды. Икімшілік қызметкерлерінің айтуынша, "кәсіби білікті мамандар тапшылығын шешу, ауылдарда сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет".

Білім беру саласында әлемдік стандарттарды кеңінен енгізуді одан әрі жалғастыру межеленген, бұл білім беру процессін озық әрі қол жетімді деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

"Алда бізді мемлекет басшысы алдымызға қойған биік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған көп қырлы әрі күрделі жұмыстар күтіп тұр. Жаңа саяси ахуал мен конституциялық реформалардың аясындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары экономиканы одан әрі дамыту мен халықтың әл-ауқатын көтеруге қажетті жағдайларды жасайды", -деп қорытқан әкімдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны