10.11.2016, 14:38 3760

Шымкент мұнай өӊдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінен 3 тәулік бұрын, 2016 жылғы 9 қарашада аяқталды.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС Шымкент мұнай өӊдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "ПКОП" ЖШС және "ҚМГ-ӨМ" АҚ баспасөз қызметі.

"Барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінен 3 тәулік бұрын, 2016 жылғы 9 қарашада аяқталды.

Күрделі жөндеу кезінде технологиялық жабдықтарға, құбыр желілеріне, өндірістік пештерге, сорапты-компрессорлық торапқа, кабель желілеріне, электр жабдықтарына, негізгі және қосалқы қондырғылардыӊ бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық куәландырудан өткізілді.

Сондай-ақ, зауытты жаӊғырту жобасын іске асыру бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу кезінде жаӊа құбыр желілері мен жабдықтар монтаждалып, жаӊа технологиялық желілер қолданыстағы қондырғыларға қосылып, жалғанды.

Зауытта алғашқы мұнай өӊдеу қондырғысынан тауарлы өнім алу үшін оған шикізат беріліп, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған өндірістік қондырғыларды іске қосу және жұмыс режиміне шығару өндірістіӊ технологиясына сәйкес жүргізілуде",-делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Шымкент мұнай өӊдеу зауыты (ШМӨЗ) мен Шардара гидроэнергетикалық станциясын (Шардара ГЭС-і) жаӊарту жұмыстары 2017 жылы аяқталады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтіӊ Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Қор компаниялары тобыныӊ нысандарына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Бұл өӊірде Қордыӊ компаниялар тобы Қазақстан Республикасыныӊ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген екі бірдей жобаны жүзеге асырып жатыр. Олар - Шымкент мұнай өӊдеу зауытын жаӊарту ("ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС, ПКОП), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобасы және Шардара гидроэлектростанциясын технологиялық жабдықтау, "Самұрық-Энерго" АҚ жобасы.

Қор компаниялары тобыныӊ тағы бір жобасын - Шымкент қаласында көлік-логистикалық орталығы құрылысын салуды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қолға алып отыр.

Басқарма төрағасы ШМӨЗ-дегі құрылыс алаӊдарында болып, жаӊартылып, іске қосылған дизельді отынды гидротазалау және күкірт өндіру қондырғыларымен танысты. Жаӊарту жұмыстары шығарылған өнім сапасын экологиялық тұрғыдан арттырып, К5 экологиялық сыныпты (Кеден одағы елдеріндегі Евро-5 тектес) жоғары октанды бензин өндіруді қамтамасыз етеді. ПКОП-ты жаӊарту мен қайта құру 2017 жылдыӊ соӊында аяқталады, нәтижесінде мұнайды қайта өӊдеу көлемі жылына 5 миллионнан 6 миллионға дейін артады. Қазақстандағы үш бірдей мұнай өӊдеу зауыты жаӊартылғаннан кейін, 2018 жылға қарай елдегі автокөліктер жанармаймен толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Шарадара ГЭС-ініӊ төрт гидроагрегатын жаӊарту оныӊ қуатын 26 %-ға күшейтеді, сондай-ақ станцияны пайдалану кезіндегі өнімділік пен қауіпсіздікті арттырады. Қазіргі кезде бірінші агрегат орнатылып, екіншісі жасақталып жатыр. Бұл жағдайда ГЭС-тіӊ қызметі тоқтатылмайды, станция 50% қуатпен жұмыс істеп тұр. Барлық жұмыстарды 2017 жылдыӊ соӊында аяқтау жоспарланған. Компания жетекшілері Қазақстанныӊ оӊтүстігін электроэгнергиямен қамтамасыз етудегі жобаныӊ маӊыздылығын атап өтті. Мұныӊ бәрі Қазақстан экономикасыныӊ тұрақты дамуы аясында жаӊа технологиялар тартуға, электроэнергияныӊ жаӊғыртылған көздерін дамытуға септігін тигізеді.

Шымкенттегі жаӊа көлік-логистикалық орталығы Шымкент халықаралық әуежайынан 2 шақырым, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік торабынан 4 шақырым және Трансазиялық темір жол торабынан 500 метр қашықтықта орналасқан. Оныӊ жалпы аумағы 230 мыӊ шаршы шақырымды құрайды. Жоба жеміс-көкөніс, ет пен бақша өнімдерініӊ эскспорттық тасымалын орталықтандыру үшін аса маӊызды. Сондай-ақ, Көлік-логистикалық орталығы Қытай мен Ресейден оӊтүстік өӊірге келетін тауарларды теӊдеп бөлу қызметімен айналысатын болады, мұныӊ өзі тауардыӊ тұтыну құныныӊ біршама арзандауына оӊ әсер етпек. Қазіргі уақытта нысандағы жұмыстыӊ көп бөлігі атқарылған.

Жергілікті басшылықпен өткен есепті жиында Өмірзақ Шөкеев жұмыстарды белгіленген кестеге сай орындау жауапкершілігі мен жобалардыӊ Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы маӊызын ерекше атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны