28.12.2012, 13:52 3460

Сыр өңірінде сүт кластері жолға қойылды

Индустрияландыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында ашылған тауарлы сүт фермасы табысты жұмыс жасауда. Осыдан 2 жыл бұрын Венгриядан әкелінген асыл тұқымды сиырлар бүгінде екі рет төлдей бастады.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сыр өңірінде сүт кластері жолға қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабара агенттігінің хабарлауынша, Индустрияландыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында ашылған тауарлы сүт фермасы табысты жұмыс жасауда. Осыдан 2 жыл бұрын Венгриядан әкелінген асыл тұқымды сиырлар бүгінде екі рет төлдей бастады.

Осылайша молынан сүт беретін мүйізді ірі қаралардың саны көбейіп, өнім көлемі де арта түсті. Заманауи талаптарға сай тауарлы сүт фермасындағы сиырлардың әрқайсысы тәулігіне 26 литр сүт береді. 660 бас Голштино Фриз түқымды мүйізді ірі қаралар осыдан 2 жыл бұрын Венгриядан әкелінген болатын. Бүгінде бұл асыл түліктер екі мәрте төлдеп, саны 1700-ден асып кетті. Мал басын көбейтіп, өнімді арттыру үшін күтім керек. Азық құрамына дейін ерекше бақылауда ұстаймыз,- дейді зоотехник Жеңіс Қарабалаев.

Қолдан ұрықтандыру арқылы 100 пайыз сүт бағытындағы сиырлардың санын көбейтуге қол жетіп отыр. Алып кешенде сауынға арналған, бұзауларға және төлдеуге арналған орындар бар. Азық дайындаудан бастап, тазарту, сауу жұмыстары толық автоматтандырылған жүйемен жүреді. Осы жерден тәулігіне 12 тонна сүт алынып, кәсіпорынның сүт зауытына жіберіледі.

Тәуліктік қуаты 30 тонналық зауытта күн сайын 10 түрлі сүт өнімдері дайындалып, өзге өңірлерге және облыс көлемінде сатылады. Жуырда түрлі балар тағамдарын жасау қолға алынбақ. Ең бастысы тауарлы сүт фермасының қалыпты жұмыс жасауына мемлекет тарапынан қолдау бар. Асыл тұқымды мал басына, қолдан ұрықтандыру шараларына және сүт өнімдерінің әр литріне субсидия бөлінуде.

Өткен жылы "Жылдың үздік тауары" байқауында 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталған кәсіпорын халықаралық стандарт негізінде жұмыс жасауда. Сүт кластерін жолға қойған ферма биылдан бастап "ҚазАгроқаржы" компаниясынан алған қомақты несиені қайтаруға кіріспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны