07.10.2011, 14:36 4542

Сырдария өзенінің бассейнінде бұрындары жойылып кеткен 14 балықтың түрі қалпына келтірілді

ҚР АШМ Балық шаруашылығы Комитетімен министрлікке қарасты балық өсіретін кәсіпорындарды жойылып бара жатқан және сирек балық түрлерін (арал піл майы, тас бекірелер, қаяз және т.б.) қалпына келтіру және көбейтуге қайта бағдарлау жұмыстары атқарылып жатыр

Қызылорда. 7-қазан. Kazakhstan Today - Сырдария өзенінің бассейнінде бұрындары жойылып кеткен 14 балықтың түрі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚР АШМ Балық шаруашылығы Комитетімен министрлікке қарасты балық өсіретін кәсіпорындарды жойылып бара жатқан және сирек балық түрлерін (арал піл майы, тас бекірелер, қаяз және т.б.) қалпына келтіру және көбейтуге қайта бағдарлау жұмыстарын атқарып жатыр. Сырдария өзенінің бассейнінде бүгінгі таңда бұрын жойылып кеткен 14 балықтың түрі қалпына келтірілді. Кәсіптік қорға дейін: тұқы, табан және т.б балықтың түрлері жеткізілді",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны