28.06.2012, 15:27 3164

СҚО "Батыс-Солтүстік-Орталық" магистральды газ құбырын салу басталды

"Батыс-Солтүстік-Орталық" магистральды газ құбырының құрылысы" жобасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағында жүзеге асырыла бастады, деп хабарлады бейсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Билялов.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - СҚО "Батыс-Солтүстік-Орталық" магистральды газ құбырын салу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Батыс-Солтүстік-Орталық" магистральды газ құбырының құрылысы" жобасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағында жүзеге асырыла бастады, деп хабарлады бейсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Билялов.

Газ құбырын 2014 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру көзделген.

Қуаттылығы жылына 1,5 млрд текшеметр газ болмақ, келешекте оны 3 млрд текшеметрге жеткізу көзделген, деді С.Билялов.

Газ құбырының ұзындығы 186 шақырым.

Оның айтуынша, жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны