26.02.2014, 20:32 5239

СҚО-да 2014 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 3 млрд теңге бөлінді.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысында "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 3 млрд теңге бөлінді.

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, СҚО-да бағдарламаны жүзеге асыру үшін 516 км жүйе жасалған, бұл жоспарланған жұмыстың 40 пайызы. Соколов су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Ағымдағы жылы оның аяқталуына 1 млрд 668 млн теңге жұмысау көзделген. 2014 жылы оған тағы 4 ауыл қосылады.

Сонымен қатар, биыл Булаев топ су құбыры құрылысының үшінші кезегі аяқталады. Қазірдің өзінде оған облыстың 40 ауылы қосылған.

Бұдан бөлек Пресновский су құбырының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына 2 млрд теңге бөлінеді. Наурыз айында жұмысты атқаратын компанияны іріктеу мақсатымен тендер өткізіледі. Құрылыстың аяқталғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Жамбыл мен Мәмлүт аудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны