24.05.2017, 14:56 2747

СҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егiстiк алқабын әртараптандыру мәселесi талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiӊ орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметовтiӊ Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әкiмдiктiӊ мәжiлiс залында үстiмiздегi көктемгi-дала жұмыстарын өткiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егiстiк алқабын әртараптандыру мәселесiне арналған кеӊес өттi.

Петропавловск. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiӊ орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметовтiӊ Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әкiмдiктiӊ мәжiлiс залында үстiмiздегi көктемгi-дала жұмыстарын өткiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егiстiк алқабын әртараптандыру мәселесiне арналған кеӊес өттi.

Күн тәртiбiндегi мәселелердi талқылауға Қостанай және Ақмола облыстарыныӊ өкiлдерi, ауцдандардыӊ әкiмдерi, аумақтық, облыстық және аудандық ведомстволардыӊ, "ҚазАгро" АҚ-ныӊ еншiлес кәсiпорындары филиалдары мен агроқұрылымдардыӊ басшылары қатысты.

Кеӊестi ашқан Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласында терiскей өӊiрлерге зор үмiт артып отырғанын атап айтты. Қолда бар қорлар егу науқанын сапалы және дер кезiнде атқаруға мүмкiндiк бередi. Биыл Қызылжар өӊiрi 4 млн. 200 мыӊ гектар алқапқа дән сiӊiргелi отыр.

"Бiз биыл майлы дақылдар алқабын көбейтуге ерекше назар аудардық. Оны 712 мыӊ гектарға жеткiздiк. Дәндiбұршақты дақылдар алқабы да көбейдi. Қазiргi кезде жерiмiз Қазақстан бойынша еӊ құнарлы болғандықтан, оныӊ қайтарылымдылығын арттыру мiндетiн қойып отырмыз. Бiз дүние жүзiнде еӊ iрi аграрлық экспорттық өнiм өндiрушiлердiӊ бiрi бола аламыз, қазiр бiздiӊ өӊiр осы үшiн жұмыс iстеп жатыр-РФ-ныӊ көршi Түмен, Омбi, Қорған облыстарымен ынтымақтастық орнатып, өз өнiмдерiмiздi өткiзiп жатырмыз. Оларда 6,5 млн.-дай адам тұрады, бұл-бiздiӊ экспорттық әлеуетiмiз. Изiрше өнген өнiмдi аз ұқсатып жатырмыз: еттi 50, сүттi 20 пайыздай ғана, ол жеткiлiксiз. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы аясында 145 ауыл шаруашылығы кооперативi құрылатын болады, қазiр осы бағытта жұмыс iстеудемiз",- дедi өӊiр басшысы.

Бұдан кейiн ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Егiн шаруашылығы департаментiнiӊ диоекторы Ажар Қаджыбекова сөз сөйледi. Оныӊ айтуынша, Солтүстiк Қазақстанда аграрлық сала жақсы дамып келедi, кей сәттерде көршi Қостанай және Ақмола облыстарынан да асып түсуде.

"Ақмола, Солтүстiк Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша бiзде меморандум жасалған, оныӊ орындалып жатқаны-жақсы көрсеткiш. Майлы дақылдар алқабы 106 мыӊ гектарға көбейедi. Себу науқаны өткен жылға қарағанда ұйымшылдықпен жүргiзiлуде, ол жақсы нышан, себебi дәндi дақылдардыӊ 80, майлы дақылдардыӊ 60 пайызы солтүстiк өӊiрлерде себiледi. Бiз бұл жұмысты тиiстi кезеӊде аяқтауға тиiспiз. Биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiӊ кредит бойынша сыйақысы 6 пайызды құрайды",- дедi Ажар Қаджыбекова.

Бүгiнгi кұнi Солтүстiк Қазақстан облысында жаздық егiс 2 млн. 113 мыӊ гектарға себiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров осы жайында ақпарат бердi.

Айдарбек Сейпiлұлы жердiӊ құнарлылығын сақтау және минералды тыӊайтқыштар қолданып егiн шығымдылығын арттыру маӊызды факторлардыӊ бiрi екендiгiн, олар ауыл шаруашылығы өндiрiсiн рентабельдi жүргiзуге және жердiӊ жоғары құнарлылығын сақтауға мүмкiндiк беретiндiгiн тiлге тиек еттi.

"Облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер 94 мыӊ тонна көлемiнде минарвлдық тыӊайтқыш алуға келiсiм жасады. Бүгiнгi күнi зауыттарға 59 мыӊ тонна тыӊайтқыштыӊ төлемi төлендi, 44,4 мыӊ тонна шаруашылықтарға жөнелтiлдi. "Қазфосфат" ЖШС-мен 49,1 мыӊ тоннаға келiсiм жасалды. Осы күнге дейiн 404 мыӊ гектар алқапқа 24 мыӊ тонна тыӊайтқыш сiӊiрiлдi",- дедi облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары.

Кеӊес барысында Қостанай облысы әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ақмола облысы әкiмiнiӊ орынбасары Егор Каппель өз ойларын ортаға салды. Көршi өӊiрлердiӊ өкiлдерi өздерiндегi көктемгi науқанныӊ барысы, қара мал сатып алу мен өндiрiстi ұлғайту жайында сөз қозғап, солтүстiкқазақстандық әрiптестерiне көктемгi себу мен орақ науқандарын сәттi аяқтау үшiн жақсы ауа райын тiледi.

Қызылжар өӊiрiнiӊ агроқұрылым басшылары сөйлегеннен кейiн Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы кооперативтерiн ұйымдастыру және демеуқаржы алуға, сол сияқты кәсiпорындарда электронды есеп жүргiзiге байланысты сауалдар қойды.

"Электронды есеп бойынша проблемалар бар, әзiрше, барлығы даяр емес. Илi барлығында қажеттi домендер жоқ. Оныӊ барлығы бiрқатар себептер мен жағдайларға байланысты. Сондықтан оны 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейiн қоя тұруды шештiк. Осы шешiмдi қабылдаған кезде, 1 қаӊтарға дейiн байқап көремiз дегенбiз, содан кейiн келесi жылы толық көлемде енгiзетiн боламыз",- дедi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiӊ орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов.

Кеӊестiӊ соӊында өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов барлық қатысушыларға мазмұнды ойлары үшiн ризашылығын бiлдiрдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны