31.08.2016, 10:06 6748

СҚО-да "Қазақстанныӊ үздiк тауары" көрмесiнде 40 кәсіпорын өз өнімін таныстырды

Петропавл қаласында "Қазақстанныӊ үздiк тауары" аймақтық байқау-көрмесi өтуде. Өз өнiмiн Солтүстiк Қазақстанныӊ 40-қа жуық кәсiпорын өкiлдерi мен жеке кәсiпкерлерi ұсынды.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Ерiк Сұлтанов "Қазақстанныӊ үздiк тауары" көрмесiне қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Петропавл қаласында "Қазақстанныӊ үздiк тауары" аймақтық байқау-көрмесi өтуде. Өз өнiмiн Солтүстiк Қазақстанныӊ 40-қа жуық кәсiпорын өкiлдерi мен жеке кәсiпкерлерi ұсынды.

Көрменi ашқан өӊiр басшысы Ерiк Сұлтанов он жыл бұрын Елбасыныӊ құрған байқауы кәсiпкерлер үшiн сапаны арттыруға ынталандыру, сондай-ақ, Қазақстан нарығын жоғары сапалы, бәсекеге қабiлеттi өнiмге толтырып, тұрғындар арасында жергiлiктi тауар өндiрушiлердiӊ өнiмдерiн насихаттаiға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

Бұдан бөлек, облыс әкiмi Ресейдiӊ шекаралық аудандарында өткiзiлген ауыл шаруашылығы жәрмеӊкелерiн өткiзу тәжiрибесiн мысалға келтiрдi. Соӊғы қорытындыларға сәйкес, Қорған қаласыныӊ 11 әмбебап дүкендерiмен СҚО-нан азық-түлiк тауарларын жеткiзу жөнiнде келiсiм-шарт жасалуда.

"Еӊ жақсы азық-түлiк өнiмi Солтүстiк Қазақстанда. Бiздiӊ тауарлар сапалы, дәмдi әрi бәсекге қабiлеттi. Кәсiпкерлер үшiн жаӊа өндiрiс ашуға, өткiзу алаӊын кеӊейту бойынша үлкен мүмкiндiктер жасалуда. Тауардыӊ сапасын қадағалауға да үлкен талап қойылады. Бiз жаӊа жағдайларда жұмыс iстеуге дайын болып, сұранысқа ие, бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруiмiз қажет" И дедi Ерiк Хамзаұлы.

Содан соӊ өӊiр басшысы көрмеге қойылған жәдiгерлермен танысып, қатысушы компания өкiлдерiнен өндiрiс көлемiне, өткiзу аумағына, өнiмнiӊ бағасына және болашаққа жоспарлары жөнiнде сұрады.

Ерiк Сұлтанов жергiлiктi тауар өндiрушiлерге жұмысты шет ел тауарларын өз тауарларына ауыстыруға, сонымен қатар тұрғындар үшiн қолжетiмдi бағаны ұстауға бағыттау керектiгiн айтты.

"Қазақстанныӊ үздiк тауары" аймақтық байқау-көрмесiнiӊ қорытындысы бойынша жеӊiмпаздар 3 аталым бойынша iрiктелетiн болады: "Үздiк азық-түлiк тауарлары", "Тұрғындар үшiн үздiк тауарлар", "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар".

Iрiктелген үздiк компаниялар Астана қаласында өтетiн республикалық кезеӊде бiздiӊ облысты таныстыратын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны