10.05.2012, 14:29 3033

СҚО-да ҮИИД бағдарламасы аясында жүк вагондарының өндірісі қолға алынды

"ЗИКСТО" АҚ әзірлеген жүк вагондарының моделі ТМД және Балтық елдері теміржол желілеріне бағыттауға рұқсат етілген жылжымалы құрамға ұсынылған барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - СҚО Үдемелі индустриальдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүк вагондарының өндірісі қолға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасында 2012 жылы кәсіпорындармен 200 астық тасымалдаушы жеткізуге "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-мен келісімшарт жасалды.

"ЗИКСТО" АҚ әзірлеген жүк вагондарының моделі ТМД және Балтық елдері теміржол желілеріне бағыттауға рұқсат етілген жылжымалы құрамға ұсынылған барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді.

Қазақстанда аталған үлгідегі вагондар шығарылмайды. Тәжірибелік үлгілерге Ресей сертификаттары Тізіліміне сәйкес келетін сертификаттар алынды. Моделдер ТМД және Балтық елдері Теміржол әкімшіліктерінің есептеу орталығы Тізіліміне қосылды.

Жобаны іске асырудан келетін нәтиже - Қазақстан вагон парктерін жүк вагонының жаңа үлгісімен толықтыру, өзге елдердің вагон жабдықтаушыларына тәуелділікті төмендету.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 400 астық тасымалдаушыны құрайды.

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриальдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсаты әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып ұзақ мерзімге Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін диверсификациялау және арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан 2014 жылға қарай келесі нәтижелерге қол жеткізуі керек: ЖІӨ-ні 2008 жылғы деңгейден 50% өсіру, өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігін 50% -ға арттыру және экономиканың жеке секторында - 100%, шикізаттық емес экспорттың үлесін 40%-ға жеткізу, ЖІӨ қуат сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден 10%-ға төмендету, сондай-ақ инновациялық кәсіпорындардың үлесін қазіргіден 10%-ға дейін ұлғайту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны