15.03.2017, 19:35 4161

Солтүстік Қазақстан облысында бизнестіӊ жол картасын жүзеге асыруға 2016 жылы шамамен 1,6 млрд теӊге бөлінді

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасыныӊ мәліметінше, 2016 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға 1 млрд 558 млн 620 мыӊ теӊге бөлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today .

Петропавловск. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасыныӊ шеӊберінде мемлекеттік қолдау тапқан және "Қазақстанда жасалған" деген атаумен өнім шығарушы кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасыныӊ мәліметінше, 2016 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға 1 млрд 558 млн 620 мыӊ теӊге бөлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today .

"Обувь Тигран" ЖК басшысы Виктор Петросянныӊ журналистерге хабарлауынша, мемлекеттік қолдау арқасында кәсіпорын өзіндік орын-жай сатып ала алды. "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасыныӊ шеӊберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 6,5 млн теӊгеніӊ несиесі алынған.

"Біз әйелдер мен ер адамдар аяқ киімдерініӊ 150-ден астам түрін шығарамыз. Өнімдердіӊ барлығы тек таза теріден тігіледі, ал бағасы импорттық өнімдерден анағұрлым төмен, сол себепті сұраныс жоғары. Біз айына 400-ге жуық жұп аяқ киім шығарамыз. Шикізатты Ресей мен Украинадан сатып аламыз. Модельді өзім жасаймын", - дейді Петросян.

"Левин" ЖК кәсіпорны тек облыста ғана емес, одан тысқары жерлерде де танымал. Кәсіпорын басшысы Елена Левинаныӊ айтуынша, кәсіпорын жиҺаз жасау бизнесімен 30 жылдан бері шұғылданып келеді.

"Меніӊ әкем жиҺаз өндірісін орындықтар мен табуретка жасаудан бастаса, қазір біз орындықтыӊ 7 түрін, үстелдіӊ 22 түрін, жұмсақ жиҺаздыӊ 8 түрін шығарамыз, бұл ретте материалдан басқасыныӊ барлығы жергілікті ағаштан өндіріледі. Өндіріс ауқымы үш мыӊға жуық өнімнен тұрады. Баға Ресейдегі бағадан біршама төмен, сондықтан біздіӊ өнімге деген сұраныс тек Қазақстан қалаларында ғана емес, Омск, Тюменьде де жоғары", - деді Левина.

Кәсіпкер мемлекеттіӊ қолдауымен Бескөл ауылында жаӊа жабдықпен цех құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Пресс-тур шеӊберінде журналистер сондай-ақ "Казмясопродукт" ЖШС-де де болды.

ЖШС директоры Татьяна Куликованыӊ айтуынша, мемлекеттіӊ қолдауымен цехты толықтай жаӊа құрал-жабдықпен жабдықтап, сапа менеджменті жүйесін қолданысқа ендіруге кәсіпорын үш жылды сарп еткен.

""Казмясопродукт" әуел бастан-ақ қазақстандықтарды ешбір қосымшасыз немесе қоспасыз таза етпен қоректендіруді мақсат етіп қойды. Қазір біз ысталған және қайнатылған шұжық және түрлі деликатес өнімдердіӊ 120-дан астам түрін өндіреміз", - деді Куликова.

Кәсіпорында тәулігіне 6 тонна, айына - 60 тонна өнім өндіріледі. Мал сою және шұжық цехында 80 адам жұмыс істейді. ЖШС қызметкерлерініӊ жалпы саны 110 адамды құрайды.

"Таяу уақыттарда жаӊа цех ашып, өнімдер түрін ұлғайта түсу жоспарланып отыр. Жаӊа цех ашылғанда технологиялық желі толықталады. Біз құрал-жабдық сатып алдық, нәтижесінде транспортер таспасы бар үйіту цехы пайда болады. Осылайша біз қызметкерлердіӊ еӊбегін жеӊілдетеміз, ал шикізат сапасы онсыз да керемет", - деді Куликова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны