27.10.2011, 15:05 3511

Солтүстік Қазақстан облысында жыл аяғына дейін жаңа элеватор мен мал өсіретін кешен пайдалануға беріледі

Фурманов ауылдық округінде "Нұрсен Агро" ЖШС 600 бас ірі қара малға арналған мал өсіретін кешен салуда. Атқарылуға тиіс жұмыстың жартысына жуығы орындалған.

Петропавл. 27-қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының маңында жыл аяғына дейін жаңа элеватор мен мал өсіретін кешен пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Фурманов ауылдық округінде "Нұрсен Агро" ЖШС 600 бас ірі қара малға арналған мал өсіретін кешен салуда. Тиіс жұмыстың жартысына жуығы атқарылған.

Сонымен қатар, "Булаев Астық" ЖШС сыйымдылығы 30 мың тонналық элеватор салуды қолға алған. Мердігер - "КокшетауХлебстрой" ЖШС жаңа кәсіпорынның бір айдан кейін өз жұмысын бастайтындығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны