20.10.2008, 18:02 3092

"Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісінің бірінші бөлігі 22 қазанда іске қосылады - Шүкеев

"Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісінің бірінші бөлігі 22 қазанда іске қосылады - Шүкеев

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Солтүстік-Оңтүстік" екінші электр жалғастыру желісінің бірінші бөлігі 22 қазанда іске қосылады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында вице-премьер Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бір жақсы жаңалық - 22 қазанда Шу қаласында біз "Солтүстік-Оңтүстік" екінші электр жалғастыру желісін тарту жөніндегі серпінді жобаның ЮКГРЭС - Шу бірінші бөлігін пайдалануға береміз, бұл оңтүстікке қосымша 100 МВт электр қуатын беруге мүмкіндік тудырады", -деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны