29.03.2007, 14:28 3122

Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ - мәжіліс депутаты

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ. Бұл жөнінде кеше "Аймақ" депутаттар тобының мәжілісінде топ жетекшісі Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сараптама қорытындылары мен әлеуметтік экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі, республика экономикасының жеделдетілген диверсификация және бәсекелестік жолында дамымағанын көрсетеді"-деді Д.Назарбаева. "Байқағанымыз шын мәнісінде ІЖӨ құрылымында тауар өндіру көлемі төмендеп барады. Тауар экспорты құрылымында минералды өнімдердің үлесі басым-71,9%, ал шикізаттық емес тауарлардың үлесі 6-7%",-деді депутат.

"Исіресе өткір тұрған мәселе отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту",- деді Д.Назарбаева. "Соңғы жылдары капитал елден жылыстауда. Инвестициялар бизнеске жеңілдік жасалған көрші нарыққа кетіп жатыр", деді ол.

Сонымен қатар, " инфляция деңгейі орташа алғанда 2006 жылы 8,6% құрады, ал жоспарланғаны 5-7%, коммуналдық қызметтердің тарифтері мен баға өсіп барады.

"Үкімет 2005-2006 жылдары жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейткен жоқ. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары небәрі 20% өсті. Сарапшылардың пікірінше күнкөріс деңгейі 20 мың теңгеден кем болмауы тиіс",-деп атап өтті Д.Назарбаева.

Депутат өз сөзін, "жалпы алғанда мемлекеттің соңғы үш жылдағы экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітерлік емес",- деп қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны