24.01.2011, 18:38 5150

Статистика агенттігінің өңірлердегі өкілдіктері жергілікті атқарушы органдардан қысым көріп отыр

Статистика агенттігінің өңірлердегі өкілдіктері жергілікті атқарушы органдардан қысым көріп отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Статистика агенттігінің өңірлердегі өкілдіктері жергілікті атқарушы органдардан қысым көріп отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Статистика агенттігінің өңірлердегі өкілдіктері жергілікті атқарушы органдардан қысым көріп отыр.

Өйткені ешкімнің басшылық тарапынан сөз естігісі келмейді. Соған қарамастан агенттік өкілдеріне өте дәл әрі тура ақпарат берудің маңызы зор. Себебі республиканың қандай да бір аймағында, айталық бағаның өсу жағдайлары орын алған жағдайда, біз бұл мәселе бойынша жедел шешім қабылдай алуымыз керек", - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің айтуынша, өткен жылы "Мемлекеттік статистика туралы" жаңа заң қабылданды. "Меніңше, бұл болашаққа деген қарышты қадам. Өйткені заң біздің әрі қарай ұмтылуымызға жақсы мүмкіндік жасайды", - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны