25.12.2013, 21:17 2951

Т. Алтаев: Австрия машина жасаушылары кеңесімен қазақстандық кадрларды дайындау туралы келісім орнатылды

"№ 60 колледж базасында ҚМК мен "Австрия машина жасаушылары кеңесін" қосып консорциум құрылады. Қарағанды облыстық әкімдігі өз бюджетінен тәжірибелік шұғылдану ұйымы үшін 1000 шаршы метрлік ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді, енді австриялық әріптестермен бірігіп жұмыс істеу керек", - деді Т.Алтаев.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Австрия машина жасаушылары кеңесімен қазақстандық кадрларды дайындау туралы келісімге қол жеткізілді, деп мәлімдеді Қазақстанның машина жасаушылары кеңесінің басқарма отырысында ұйым дирекциясының атқарушы директоры Темірлан Алтаев.

"№ 60 колледж базасында ҚМК мен "Австрия машина жасаушылары кеңесін" қосып консорциум құрылады. Қарағанды облыстық әкімдігі өз бюджетінен тәжірибелік шұғылдану ұйымы үшін 1000 шаршы метрлік ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді, енді австриялық әріптестермен бірігіп жұмыс істеу керек", - деді Т.Алтаев.

Сонымен қатар, дайындықтың дуалды жүйесі, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша Қарағандының білім беру мекемелерімен ірі жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, осындай орталықты жақын арада Астанада құру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда елорда осынау оқу орындары құрылысының бүге-шүгесі қарастырылып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны