27.05.2019, 08:45 9322

Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі құрылады

Сондай-ақ, Түркістан облысы Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.

Түркістан. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі құрылады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында белгілі болды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында $524 млрд сомасына өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

Меморандум негізінде "Түркістан" индустриялық аймағында Қазақстан-Қытай индустриялық паркін салынатан болады. Онда алдағы уақытта энергетикалық жабдық пен бұйымдар өндірілетін болды.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.

Түркістан облысының әкімдігі мен "Эко-культура" ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.

ҚР Премьер-министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді.

Жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.

Жалпы 2017 жылдан бастап, инвестициялық қызметті әртараптандыру шеңберінде, Cottonex компаниялар тобы, Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны