19.05.2008, 16:59 2793

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі шағын бизнес субьектілерін қосымша қуат көздерін қосып алғаны үшін төлемдерден босатуды ұсынады

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі шағын бизнес субьектілерін қосымша қуат көздерін қосып алғаны үшін төлемдерден босатуды ұсынады

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі шағын бизнес субьектілерін қосымша қуат көздерін қосып алғаны үшін төлемдерден босатуды ұсынады. Бүгін парламентте өткен "үкімет сағаты" кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл мәселе таяу уақыттарда үкіметте қаралады. Біз шағын бизнес субьектілерін қосымша қуат көздерін қосып алғаны үшін төлемдерден босатуды ұсындық", -деп мәлімдеді Н. Алдабергенов.

"Біз осындай субьектілерді төлемнен толық босатуды талап ететін боламыз. Біздің саясатымыз сондай, шағын бизнес төлемнен босатылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны