29.09.2016, 20:11 10155

Танзания өкілдері Оӊтүстік Қазақстан облысындағы уран өндірісі мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданыныӊ әкімі Мақсат Исаев Біріккен Танзания мемлекетініӊ делегациясымен кездесті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданыныӊ әкімі Мақсат Исаев Біріккен Танзания мемлекетініӊ делегациясымен кездесті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жиын екіжақты ынтымақтастық және экономикалық қарым-қатынасты нығайту тақырыбында өтті. Созақ ауданындағы уран өндіретін "Uranium one" компаниясыныӊ жұмысымен танысқан танзаниялықтар өндірісті дамытуда тәжірибе алмасуға, үйренуге дайын екендіктерін жеткізді. Осы өӊірдегі уран компанияларыныӊ әлеуетін жоғары бағалады.

Аудан басшысы Біріккен Танзания мемлекетінен келген қонақтарға ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ой қозғады. Күрделі әрі қиын сала уран өндірісі арқылы ауданныӊ экономикалық жағдайы көтеріліп, жергілікті қазынаға қомақты үлес қосып келе жатқанын айтты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту осы бағытқа бейімделіп келе жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі таӊда аудан орталығанан арнайы жер бөлініп, индустриялық аймақ құрылды. Ол жаққа өндірісті дамытуға қажетті инфрақұрылым тартылды. Мұнда орналасқан зауыттарда уран өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар шығарылады. Осы арқылы аудандағы кәсіпкерлікті дамытамыз деген сенім бар"- деді Мақсат Исаев.

Біріккен Танзаниядан келген өкілдер меймандостық танытқан созақтықтар мен аудан басшысына алғысын айтты.

Осы басқосуда аудан әкімі уран саласында аянбай еӊбек етіп жүрген бірнеше үздік мамандарға алғыс хатын табыс етті. Оларды атом саласы қызметкерлерініӊ төл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны