16.05.2012, 15:20 3184

Тарифтік кірістің есебінен ТКШ нысандарына 452 млрд. теңге инвестицияланады

Реттелетін қызмет көрсетулер саласындағы тарифтік кірістердің есебінен ТКШ, сумен жабдықтау және су бұру нысандарына қомақты инвестиция салу жоспарлануда, деп хабарлады кеше өткен Үкімет отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Тарифтік кірістің есебінен ТКШ нысандарына 452 млрд. теңге инвестицияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Реттелетін қызмет көрсетулер саласындағы тарифтік кірістердің есебінен ТКШ, сумен жабдықтау және су бұру нысандарына қомақты инвестиция салу жоспарлануда, деп хабарлады кеше өткен Үкімет отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

"2011-2020 жылдарға арналған "ТКШ жаңғырту" және "Ақ бұлақ" бағдарламаларына сәйкес, реттелетін салалардағы тарифтік кірістің есебінен ТКШ нысандарына - 452 млрд. теңге, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру нысандарына - 113 млрд. астам теңге инвестиция салу жоспарлануда",- деді М.Оспанов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Таратып айтар болсақ, сумен жабдықтау және су бұру секторына - 113,6 млрд. теңге, жылу энергиясы секторына - 140,3 млрд. теңге және электр желілері секторына - 271,3 млрд. теңге инвестициялық салым қарастырылуда. "Ақ бұлақ" және "ТКШ жаңғырту" бағдарламаларына сәйкес, реттелетін салалардағы тарифтің есебінен 2011 жылдың қорытындысы бойынша 36 млрд. теңге инвестиция салынған болатын.

Агенттік сондай-ақ, "Ақ бұлақ" бағдарламасына тартылған табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің қызмет тарифтерін қайта қарамақ және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті енгізу жұмысын жеделдетуді ұсынуда.

Оған қоса, 2013 жылдан бастап өңірлік электр желісі компаниялары (РЭК) салыстырмалы талдаудың жаңа әдісіне (бенчмаркинг) ауысатын болады. Барынша нәтижелікке бағытталған бекітілген өлшемдер бойынша ең үздік электр желісі компаниялары анықталады және қалған компаниялар соларға бой түзейтін болады.

"Тарифтік саясатты жетілдірудегі мақсат табиғи монополия субъектілерін, оның ішінде жылу, су шаруашылығы және электр желілерін жаңарту және жаңғырту үшін қосымша мүмкіндіктер қарастыру, қызмет сапасын арттырып, тиімсіз шығындарды, электр ресурстарының шығындарын азайту болып табылады", - деді Агенттік басшысы өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны