09.11.2007, 15:59 3463

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды Сауда өнеркәсіптік палатасы береді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды Сауда өнеркәсіптік палатасы береді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру функциясын Сауда өнеркәсіптік палатасына беру жөнінде заң жобасын жасады, деп хабарлайды агенттік

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда ҚР Индустрия және сауда министрлігі тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру функциясын Сауда өнеркәсіптік палатасына беру жөнінде заң жобасын жасап отыр" , - делінген жұмада таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары болуға байланысты заң жобасын қабылдау мүмкін болмаған. Түзетулер алынып тасталғаннан кейін "Конституциялық кеңес қабылдаған шешім ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда іс-қызметін реттеу жөніндегі комитетіне келесі жылы қабылдануы қажет заң жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік береді", - делінген мәтінде.

Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің еске салып өткеніндей, 2007 жылдың 8 қарашасында ҚР Конституциялық кеңесі Игорь Роговтың төрағалық етуімен тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды куәландыру функциясын мемлекеттің құзыретінде сақтап қалу қажеттігі жөнінде бұған дейін қабылданған төрт қаулыны алып тастау жөнінде шешім шығарды.

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру функциясын Сауда өнеркәсіптік палатасына беру ҚР Конституциясына сәйкестігі жөнінде бірінші мәлімдеме президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 1998 жылы жолданды. 9 жылдан кейін Конституциялық кеңес ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуне байланысты бұрын қабылдаған шешімін алып тастады.

Индустрия және сауда министрлігінің пікірінше, "Конституциялық кеңестің қаулыларын алып тастау тек республиканың сауда-өнеркәсіптік палаталары үшін ғана емес, сонымен бірге, қазіргі таңда еліміздегі экономикалық өзгерістерге белсене атсалысып отырған үкіметтік емес сектор үшін де жалпы алғанда аса маңызды оқиға болып табылады", - дейді министрліктегілер.

"Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру функциясын сауда-өнеркәсіптік палаталарға беру аса маңызды, өйткені бұл ҚР "Сауда-өнеркәсіптік палаталары туралы" 2005 жылдың 3 мамырындағы ҚР заңына сәйкес бекітілген біздің ұйымның басты мақсат-міндетіне сай келеді", - деп түсіндіреді министрлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны