18.04.2008, 19:18 4222

Тау-кен өнеркәсібі саласында елімізде 2008 жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемі 6,8%-ға өсті

Тау-кен өнеркәсібі саласында елімізде 2008 жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемі 6,8%-ға өсті

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тау-кен өнеркәсібі саласында 2008 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өндіріс көлемі 6,8%-ға өсті. Бұл туралы бүгін тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің 1-ші сьезі барысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың бірінші тоқсанында тау-кен өнеркәсібі саласында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өнім өндіру көлемі 6,8%-ға өсіп, 12,5 млрд долларға жетті", - деді В. Школьник.

"Отандық өнеркәсіп кейінгі кездері көп жылғы құлдырауды еңсеріп, тұрақты өсім тіркелу ағымын байқатуда : кейінгі 7 жылда өнеркәсіп салалары өсімінің жылдық орташа қарқыны шамамен 9%, соның ішінде кен өндіру саласында - 4,3%, металлургиялық өнім өндіру саласында 4% құрады", -деді ол.

Министрдің мәліметінше, тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындарының жиынтық активі 2000 жылдан бері "бес есе өсіп, қазір 2 трлн теңгеден асты". "2007 жылы тау-кен металлургиясы саласына жұмсалған инвестициялар көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 18%-ға өсіп, $2 млрд құраса, ал 2004 жылдан бері экономиканың осы саласына жұмсалған күрделі қаржы $6 млрд асты", -деді министр. Оның айтуынша, "посы саланың өнімі түгелдей дерлік - 95% -шетелдерге экспортталады".

"Қазақстанның табиғи байлықтарының көптеген түрлері бойынша бағаланған болжамдық ресурстар расталған қордан 2 - 3,5 есе артық. Елімізде жалпы пайдалы қазбаның 40 түрі өндіріледі, соның ішінде 23 түрлі металл кені, ал осы ресурстардың потенциалдық алынатын құндылығы шамамен $11 трлн асады", -деді ол.

"Елімізде тау-кен металлургиялық кешенді қарқынды және тиімді дамытуға қажетті барлық алғышарттар бар. Бірінші кезекте, әлемдік деңгейде пайдалы қазбаның бірегей әрі ауқымды қоры бар, елімізде қара металдың ауқымды коммерциялық қоры, 29 түрлі түсті металл, екі түрлі асыл металл, 84 өнеркәсіптік минерал еліміздің балансында бар. Қара металл қоры бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің бірі. Мәселен, хромиттер қоры мен тауарлық кен шығару жағынан біз дүниежүзінде Оңтүстік Африка Республикасынан кейін екінші орындамыз. Марганец кенінің қоры бойынша қазір республика әлемде 3 орында, темір кені бойынша - 7, қорғасын қоры бойынша - 1, мырыш қоры бойынша 2, мыс қоры бойынша - 5 орында", - деді министр.

"Алтын қорымен де еліміз әлемде жетекші орындардың бірі - 7 орында болса, оның кен құрамындағы мөлшерімен - Оңтүстік Африка Республикасынан кейін екінші орында. Бүгінде осынау асыл металдың барланған қоры 242 кеніште тіркелген; біздің әлеуетімізден олардың аз ғана бөлігі - 49 кеніштің ғана игеріліп жатқаны паш етеді", - деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны