31.03.2008, 15:00 6448

Тәжікстанның мемлекеттік бюджеті қаңтар айында $44,8 млн артығымен орындалды

Тәжікстанның мемлекеттік бюджеті қаңтар айында $44,8 млн артығымен орындалды

Душанбе. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның қаржы министрлігінің есеп- қисабы бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы табыс көлемі биылғы жылдың қаңтар айында $44,8 млн немесе 260,6 млн сомды құрады ($75,5 млн). Бұл жоспарланған мөлшерден 104% артығымен орындалды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" ақпараттық агенттігінің мәліметтері бойынша, салық түсімі қаңтар айында 244,9 млн сомды құрап ($71 млн), өткен жылмен салыстырғанда 82,2 млн сомға артық шықты ($24 млн).

Бюджеттің жалпы табыс салығының көлемі қаңтар айында 93,9 % жетті.

2008 жылдың қаңтар айында табыс салығы мен кіріс салығының мөлшері өткен 2007 жылмен салыстырғанда 13 млн сомға ($3,76 млн) ұлғайды. Ал қосымша құн салығы 50 млн сомға ($14,5 млн), акциздер- 3,9 млн сомға ($1,13 млн)өсті.

Жалпы табыс мөлшеріндегі салық емес түсімдер 3,3% құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен сәйкестендіргенде 4,9 млн сомға қысқарды ($1,4 млн).

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджет қоржыны 154,6 млн сомға орындалды ($44,8 млн) немесе ЖІӨ 20,1% құрады.

"Қаржы министрлігінде хабарлағанындай, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылдың қаңтар айында 106 млн сомды құрады ( $31 млн) немесе жылдың бірінші тоқсанында белгіленген жоспардың 15,4% жетті", - деп хабарлайды "Азия-плюс".

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылдың ақпан айында 520,1 млн сомды құрады ($150 млн). Бұл жалпы ішкі өнімнің 33% тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны