22.12.2015, 18:34 3857

Теӊгеніӊ айырбас бағамыныӊ деӊгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады - ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзініӊ валюта нарығына қатысу деӊгейін азайтқан болатын, деп Ұлттық банктан хабарлады

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзініӊ валюта нарығына қатысу деӊгейін азайтқан болатын, деп Ұлттық банктан хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен қараша айында теӊгеніӊ бағамы 282 теӊгеден 312 теӊгеге дейін түсті. Кейін Ұлттық банктіӊ қатысуынсыз-ақ, теӊгеніӊ бағамы бір АҚШ доллары - 308-307 теӊге көлемінде тұрақталды. Осылайша, қараша айында теӊге бағамындағы өзгеріс 9 пайызды құрады. Ал Ұлттық банк қараша айында валюта нарығында 577 млн. АҚШ долларын сатып алды. Сәйкесінше, Ұлттық банк валюта нарығында ешқандай алыпсатарлық әрекеттерге жол бермейді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетелік, Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзініӊ валюта нарығына қатысу деӊгейін азайтқан болатын. Дегенмен, Ұлттық банк төрағасыныӊ айтуынша, ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы алыпсатарлық тербелістерге жол бермейді.

"Алдағы уақытта теӊгеніӊ айырбас бағамыныӊ деӊгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады. Яғни, теӊгеніӊ бағамы жақын кезеӊде "Brent" маркалы мұнай бағасы бойынша бір баррельдіӊ құны 30-40 АҚШ доллары диапазонына бейімделуі тиіс. Егер, мұнай бағасы бұдан бетер төмендейтін болса, яғни бір баррельдіӊ құны 30 доллардан төмендеп, Ресей рублі 10 пайызға құнсызданатын болса, теӊгеніӊ бағамы да сәйкесінше, жаӊа деӊгейге көтеріледі", - деді Д. Ақышев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны