10.06.2013, 12:48 8667

Теңгенің құнсыздануына еш негіз жоқ

Оның атап өтуінше, ұлттық валютаның құнсыздануын айқындаушы фактор мұнай бағасы бола алады.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Теңгенің құнсыздануына еш негіз жоқ , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ұлттық валютаның құнсыздануын айқындаушы фактор мұнай бағасы бола алады.

"Құнсыздану тәуекелі мұнай бағасы айтарлықтай құлдырағанда ғана туындайтындығы түсінікті. Егерде, өздеріңіз байқаған болсаңыздар мұнай бағасы құлдыраған жоқ. Соған сәйкес елге валюта көптеп түсуде, яғни курсқа "қысым" жоқ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны