10.01.2014, 19:04 3471

ТКШ жаңғырту бойынша Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде 2013 жылы 9 үй жөнделді

"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту" бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде 2013 жылы 9 үй жөнделді, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту" бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде 2013 жылы 9 үй жөнделді, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылы Жанқожа батыр, Ғ.Мұратбаев, З.Шүкіров және Е.Жүнісбаев көшелерінің бөліктеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2012 жылы ауылда тек бір ғана үй жөндеуден өтті.

Амангелді көшесінің 1 километрі жөнделсе, Сапарбаев көшесіне 1,4 км тротуар, "Наурыз" және "Тасарық" шағын аудандарындағы 25 аулаға ішкі жолдар салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны