05.03.2010, 17:02 4361

ТМД елдері экономикасының даму перспективасы - инновацияда

ТМД елдері экономикасының даму перспективасы - инновацияда

Мәскеу. 5 наурыз. Kazakhstan Today - ТМД елдері экономикасының даму перспективасы - инновацияда. Бұл туралы бүгін ТМД-ға қатысушы елдердің "Ресейдің ТМД-ға төрағалығы жылындағы жаңа бастамалар" атты Халықаралық экономикалық форум барысында ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ТМД елдерінің экономикасының даму жолы инновацияда ғана, бұдан өзге жол жоқ. Қалыптасып отырған жағдайда Достастықта инновациялық үлгідегі экономика мен білімге ғана негізделген экономиканы қалыптастырудан өзге жол болуы мүмкін емес. Дәл осындай себеппен 2010 жыл ТМД аясында ғылым мен инновациялар жылы деп аталып отыр. ТМД елдері иннноация жағынан әлемнің дамыған елдерінен әлдеқайда кенжелеп қалды", - деді С. Лебедев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны