03.09.2020, 22:22 7839

Толықтыруға болатын ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғаяды

Толықтыру құқығы жоқ, 24 айға арналған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ғана нарықтық мөлшерлемелер өзгеріске ұшырады. Сәйкесінше осы салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды.

Алматы. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қазан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.

Депозиттердің көпшілік түрлері бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалды. Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келетіндіктен, жылына 9 пайыздық деңгейде сақталады.

Толықтыру құқығы жоқ, 24 айға арналған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ғана нарықтық мөлшерлемелер өзгеріске ұшырады. Сәйкесінше осы салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық ауытқымасының өзгеруі (мерзімдер арасындағы спредтің қысқаруы), сәйкесінше толықтыру құқығы құнының жоспарлы түрде қайта қаралуы нәтижесінде толықтыру құқығы бар, 1 және 2 жылға арналған мерзімді және жинақ депозиттердің шекті мөлшерлемелері өсті. Депозиттердің осы түрлері мерзімсіз салымдармен салыстырғанда тартымды бола түсуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны