10.07.2018, 18:39 7192

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері видеобайланыс көмегімен кеӊес ала алады

Оныӊ көмегімен банктіӊ қазіргі және болашақ клиенттері видеобайланыс арқылы менеджерге хабарласып, депозит және несие, жаӊа келісім-шарт бекітуге қатысты кеӊес алып, шот бойынша көшірме ресімдеп, постдепозиттік операциялар жүргізіп, анықтамалар ала алады.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) 15 жылдық мерейтойы қарсаӊында видеоконсультация атты жаӊа сервисті іске қосты. Оныӊ көмегімен банктіӊ қазіргі және болашақ клиенттері видеобайланыс арқылы менеджерге хабарласып, депозит және несие, жаӊа келісім-шарт бекітуге қатысты кеӊес алып, шот бойынша көшірме ресімдеп, постдепозиттік операциялар жүргізіп, анықтамалар ала алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі менеджері жаӊа қызметтіӊ көмегімен кеӊес беруден бөлек сайтпен, "ЖССБ 24" интернет-банкингімен және Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталымен жұмыс жүргізуге көмектеседі. Бұл жағдайда клиент видеоқоӊырау шалып, видеобайланыс операторына ашылған уеб-парақшаны бірлесіп пайдалануға рұқсат береді. Осылайша банк менеджері клиенттіӊ іс-әрекетін бақылап, қажет болған жағдайда арнайы курсордыӊ көмегімен қай беттерді ашу керек екенін көрсетеді. Алайда ол клиенттіӊ компьютерінде өз бетінше қандай да бір операциялар жүргізе алмайды.

Видеобайланыс қызметі www.hcsbk.kz сайтында және Baspana.kz порталында қосылған. Оны қолдану үшін интернеті бар смартфон немесе компьютер қажет.

- Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 15 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде банк процестерін цифрландыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазір смартфон немесе компьютердіӊ көмегімен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметтерін ала беруге болады. Бұл - біздіӊ салымшылар үшін өзекті мәселе. Себебі баспаналы болсам деп бүтіндей бір отбасылар ақша жинайды. Енді кеӊес алу үшін олардыӊ бәріне бірдей банкке барудыӊ қажеті жоқ. Ыӊғайлы жерде бас қосып, банк менеджерімен видеоконференция орнатып, банк ұсынатын өнімдердіӊ артықшылығымен танысып, ары қарай қаражат жинау үшін шот ашуға болады. Видео қоӊырау шалу қызметін тестілеу кезінде 1 ай ішінде 680 адам осы байланыс түрін пайдаланып көрді. Сервис толыққанды іске қосылған соӊ күніне 100 шақты клиент қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Видео қоӊырау шалу қызметін жұмыс күндері 9.00 мен 19.00 аралығында пайдалануға болады. Сенбі күндері оператор 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұдан бөлек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері "ЖССБ 24" интернет-банкингініӊ көмегімен қашықтан қызмет ала алады. Аталған жүйеге қазір 383 мыӊнан астам қазақстандық тіркелген. Клиенттер онлайн-режимде қанша ақша жинағандарын, берілген сыйақыны қарап, бағалау көрсеткішін бақылап, кез келген банктіӊ картасымен комиссиясыз депозит толықтырып, несие өтей алады. Сондай-ақ банк бөлімшелеріне кезек брондау және пулдарға қатысуға өтініш беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ тағы бір технологиясы "Кеӊесшілердіӊ әлеуметтік желісі" ақпараттық жүйесі арқылы да қашықтан депозит ашуға болады. Қазіргі уақытта бұл жүйеге Қазақстанныӊ барлық аймақтарынан 850 кеӊесші кіреді. Планшетпен және мобильді принтермен жабдықталған бұл кеӊесшілер салымшыға ыӊғайлы уақытта оныӊ жұмысына немесе үйіне келіп шот ашып бере алады.

Сондай-ақ банк балама төлем жолдарын да белсенді түрде дамытуда. Бұл клиенттерге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ Қазпочта, Халық Банкі, E-gov порталы, Қазкоммерцбанк, Каспи Банк, Банк Центр Кредит, Qiwi, Pay point төлем терминалдары секілді серіктестерініӊ қызметін пайдаланып, үйден немесе жұмыстан алысқа бармай-ақ депозит толықтырып, несие өтеуге мүмкіндік береді ҚТҚЖБ клиенттері үшін ақша аудару комиссиясы 0 теӊгені құрайды.

Қашықтан қызмет көрсету мен цифрлы технологияларға қатысты барлық жұмыс банк клиенттерініӊ уақытын айтарлықтай үнемдеп, оған барынша жан-жақты қызмет ұсынуға арналған. Осыныӊ арқасында, мысалы, қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашуға бар болғаны 7 минут кетеді, ал несие өтінішін қарастыру 1,5 күнді ғана алады.

Болашақта банк өз қызметін автоматтандыруды және алдыӊғы қатарлы технологияларды қолдануды жалғастыра беретін болады. Бұл клиенттерге қызмет көрсету операцияларыныӊ 70%-ын online-режимге ауыстыруға жол ашады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны