09.01.2013, 14:20 2959

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жас отбасыларға арнап жалгерлік тұрғын үйді сату жұмысын бастайды

"2013 жылғы басты мақсатымыз - "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жаңа бағыты - жалгерлік тұрғын үй бағытын жүзеге асыру. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бағдарламаның жас отбасыларға арналған жаңа бағдарламасы іске асырыла бастайды, яғни жас отбасылар үшін және азаматтардың несиені төлей алмайтын санаттары үшін жалгерлік тұрғын үйлер сатылып алына бастайды", - деді Н.Наурызбаева.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - 2013 жылдан бастап "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жаңа бағыты - жас отбасыларға арнап жалгерлік тұрғын үй сатып алуды бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы банк басқармасының төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ҚТҚЖБ-нің Орталық филиалының ашылуына арналған баспасөз конференциясында мәлім етті.

"2013 жылғы басты мақсатымыз - "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жаңа бағыты - жалгерлік тұрғын үй бағытын жүзеге асыру. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бағдарламаның жас отбасыларға арналған жаңа бағдарламасы іске асырыла бастайды, яғни жас отбасылар үшін және азаматтардың несиені төлей алмайтын санаттары үшін жалгерлік тұрғын үйлер сатылып алына бастайды", - деді Н.Наурызбаева.

Ол банк бүгінгі күні жаңа бағытты жүзеге асыруға толығымен дайын, енді жергілікті атқару органдарымен бірлесіп өзара әрекеттестіктің түбегейлі тетіктерін ойластыруда екенін айтты, себебі қатысушылар тізімі жергілікті атқару органдары арқылы қалыптастырылатын болады.

Сондай-ақ төрайым, үстіміздегі жылғы мақсаттардың қатарында клиенттік базаны ұлғайтуды да атап өтті. 2013 жылы банк 90 мыңнан астам жаңа клиент тартып, 50 млрд астам жаңа заемдар беруді жоспарлап отыр.

Атап өту қажет, 2012 жылы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жалпы сомасы 219,2 млрд теңге болатын 88 912 келісім шарт жасаған, ал банк салымшыларының жинақтарының жалпы көлемі бір жыл ішінде 80% ұлғайып, 129,85 млрд теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны