06.07.2018, 15:04 7136

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ астаналық 328 салымшысы пәтерлі болды

Елордадағы бұл жаӊа үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында салынған. 1 шаршы метрініӊ бағасы - 180 000 теӊге.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ астаналық 328 салымшысы пәтерлі болды.

Астана күні қарсаӊында баспана иесі атанған тұрғындарды бас қаланыӊ әкімі Исет Исекешев пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады.

Елордадағы бұл жаӊа үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында салынған. 1 шаршы метрініӊ бағасы - 180 000 теӊге.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін салымшыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына үй бағасыныӊ 30%-на теӊ сома жинау қажет еді. Таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтердіӊ бағасы еӊ қымбат дегенде 6,2 млн теӊге болғанын ескерсек, оныӊ отыз пайызы шамамен 1 800 000 теӊгені құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы сома жиналған соӊ, жылдық мөлшерлемесі 5% болатын займдар беріп, үй сатып алуға көмектесті.

- Жалпы алғанда осы жылы Астанада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша мыӊ шақты салымшымыз үйлі болады. Елордалық тұрғындар ақша жинап үй алуға ниетті, ол қолдарынан да келеді. Бүгін баспаналы болып отырған азаматтардыӊ көпшілігі бастапқы жарна ретінде шоттарында 60%-ға дейінгі қаражаттыӊ басын құрапты. Қажетті 30%-ды жинағандар да бар. Бастапқы жарнаны жинауды қиын деп тапқан жандарға жақсы жаӊалық ұсынбақпыз. "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізу бекітілді, енді оған қатысу үшін 20% көлеміндегі бастапқы жарна жеткілікті, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Жаӊа тұрғын үй кешені Есіл өзенініӊ оӊ жағалауында, Қошқарбаев көшесі мен Жұмабаев даӊғылыныӊ қиылысында орналасқан. Жанында Изірет Сұлтан мешіті, Ұлттық музей, Бейбітшілік және келісім сарайы бар. Баспаналы болған салымшылардыӊ бірі - астаналық тұрғын Дариға Қажыбаева.

- Ұзақ уақыт бойы маған үй жалдауға тура келді. Ай сайынғы міндетті шығындарыма пәтер ақысы ғана емес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне аударып отыру керек сома да кірді. Осы банктегі жинақ шоты мен үшін өз үйіме де ақша жинаудыӊ жалғыз қолжетімді жолы болды. Нәтижесінде пәтер бағасыныӊ 50%-на теӊ қаражаттыӊ басын құрай алдым. Жетпейтін сомаға несие алдым, ол бойынша ай сайынғы төлем бар болғаны 35 000 теӊгені құрайды. Бұл Астанадан пәтер жалдауға қарағанда әлденеше есе аз, - дейді Дариға Қажыбаева.

Астана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит қоржынында бірінші орын алып отыр. Елорданыӊ 155 000 тұрғыны банктен жалпы сомасы 110 млрд теӊгеге шот ашып, ақша жинап жатыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де шаршы метрлердіӊ қолжетімді болуы үшін үлкен жұмыс атқаруда. "Нұрлы жер" бағдарламасынан бөлек банктіӊ "Өз үйім" атты жеке бағдарламасы да бар. Оныӊ аясында бас қалада осы жылы 560 пәтер сатылатын болады.

Бұдан бөлек құрылыс салушылармен жасалған келісімге сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тағы 275 пәтерді нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады.

Тұрғын үй бағдарламалары аясындағы барлық жаӊа нысандар банктіӊ baspana.kz атты порталында жарияланып отырады. Мұнда тұрғын үйден үміткер азаматар қандай нысандардыӊ салынып жатқанын қарап, өтініш қабылданып жатқан-жатпағанын нақтылап, ұнаған пәтерді таӊдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш бере алады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны