03.12.2018, 21:22 8790

Түркістан облысында ағымдағы жылы 0,9 мыӊ га жеміс, 0,4 мыӊ га жүзім, 0,2 мыӊ га жаӊғақ, 0,1 мыӊ га таӊқурай егілді

Облыста қазіргі таӊда ірі қара мал саны - 948 020 бас, оныӊ ішінде аналығы 451 216 бас. Сыйымдылығы 176 430 басты құрайтын шағын 10-15 бастық 14 мыӊнан астам мал бордақылау алаӊдары бар.

Түркістан. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өткен аптада ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысыныӊ Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен болды. Елбасыныӊ 2018 жылдыӊ 5 қазанындағы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС мен "Nurym Group" ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтыӊ бүгінгі жай-күйімен танысты.

Еӊ алдымен, "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС-ніӊ қарқынды бау шаруашылығындағы біршама жетістіктерге куә болған Ө.Шөкеев облыста жеміс-жидек, жүзім шаруашылығыныӊ егіс көлемін ұлғайту, гектар түсімділігін арттыру мәселесі барлық уақытта күн тәртібінен түспей, әрдайым дамып келе жатқанынан хабардар болды.

Айта кетсек, қарқынды бау шаруашылығын мемлекеттік қолдаудыӊ арқасында, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімніӊ көпжылдық екпелерініӊ көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Сонымен қатар, бау аралық агротехнологияларды жүргізу үшін қажетті техникаларға және сатылып алынған шетелдік, отандық көшеттерге субсидия төленуде. Бұл көмектер тауар өндірушілердіӊ қарқынды бау егуге деген қызығушылығын арттырып, ағымдағы жылы 0,9 мыӊ га жеміс, 0,4 мыӊ га жүзім, 0,2 мыӊ га жаӊғақ, 0,1 мыӊ га таӊқурай егілді.

Облыс бойынша жеміс-жидектіӊ көлемі 17,5 мыӊ га, жүзім 9,6 мыӊ га құрап, 2018 жылы жеміс-жидектен 116,4 мыӊ тонна, жүзімнен 72,0 мыӊ тонна өнім алынды. Тауар өндірушілерді отандық жеміс пен жүзімніӊ элиталық көшетімен қамтамасыз ету мақсатында 7 көшет өндіретін элиталық шаруашылық ұйымдастырылған.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Президенттіӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенініӊ әлеуетін толық іске асыру керектігін және негізгі міндет - еӊбек өнімділігі мен қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімініӊ экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырма бергенін айтып, агроөнеркәсіп кешенінде аталған тапсырмаға қол жеткізу үшін саланы әртараптандыру, оныӊ ішінде мал шаруашылығын дамытудыӊ алатын орны ерекше екенін атап өтті.

Бұл ретте, Ө.Шөкеевке "Түркістан облысыныӊ ет кластерін" одан әрі дамыту мақсатында таяуда жұмысын бастайтын Сайрам ауданындағы "Nurym Group" ЖШС-і көрсетілді. Ауданныӊ Манкент ауылынан ашылатын мал бордақылау алаӊы "Қайып ата" ЖШС-ніӊ еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі бағыты -

10 000 бас ірі қара малдарды бордақылау алаӊында семірту, сонымен қатар, құрама жем цехы мен мал сою алаӊымен қамту. Жобаныӊ құны 3,456 млрд тенге. Қаржыландыру көзі - 2,368 млрд. теӊге жеке қаржысы, 1 088 млрд тг несиелік қаржы. Болашақта 80 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отырған серіктестік жылына 5 мыӊ тонна ет өндіретін болады.

Облыста қазіргі таӊда ірі қара мал саны - 948 020 бас, оныӊ ішінде аналығы 451 216 бас. Сыйымдылығы 176 430 басты құрайтын шағын 10-15 бастық 14 мыӊнан астам мал бордақылау алаӊдары бар. Мұнан бөлек, сыйымдылығы 18 000 басты құрайтын 1000 бастан басталатын 8 бордақылау алаӊы бар. Жалпы, барлық мал бордақылау алаӊдарыныӊ сыйымдылығы 194 430 басты құрайды.

Бүгінгі күні жалпы 7 мыӊ тонна ірі қара мал еті Иран мен Өзбекстан елдеріне экспортталды. Сыйымдылығы 5 мыӊ бастық ірі қара малды бордақылау алаӊы, "Қайып ата" ЖШС-і бүгінгі күні Республика бойынша еӊ үлкен мал етін экспорттаушы болып табылады. Ет өндіру қуаттылығы жылына 4 мыӊ тонна.

Өӊірге сапары соӊында Ө.Шөкеев қос шаруашылықтыӊ жұмысына оӊ бағасын беріп, Елбасы Жолдауын іске асыруда Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамытып, өӊіріміздіӊ әрбір ауданында ірі мал бордақылау алаӊдарын салуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны