27.07.2018, 16:19 4125

Түркістан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. 572 млн. теӊгеге жетті

Түркістан облысында ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-маусым айларыныӊ есебі бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. 572 млн. теӊгеге жетіп, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментініӊ басшысы Айдар Ибілдабеков мәлімдеді.

Түркістан. 27 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-маусым айларыныӊ есебі бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 93 млрд. 572 млн. теӊгеге жетіп, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментініӊ басшысы Айдар Ибілдабеков мәлімдеді.

Айта кететіні, инвестиция салымдарыныӊ басым бөлігі - өнеркәсіп саласына (40,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,7%) және білім беру саласына (10%) тиесілі.

"Негізгі инвестициялық салымдардыӊ 83,5 пайызын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған. Оныӊ көлемі - 78 098 млн. теӊгені құрап, өткен жылға қарағанда 15 пайызға өсіп отыр. Бұдан өзге, статистикалык тіркелімніӊ мәліметтері бойынша, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарында Түркістан облысында 13 805 заӊды тұлға тіркелген. Республика бойынша тіркелген заӊды тұлғалар көрсеткішінде облыстыӊ үлесі 3,2 пайызды құрайды", - деді Айдар Ахметбекұлы.

Түркістан облысында заӊды тұлғалардыӊ жиі тіркелетін қызмет түрі - ауыл, орман және балық шаруашылығында (29,4%). Екінші орын алатын қызмет түрі - білім беру cаласында (17,4%), ао үшіншісі сауда cаласындағы тіркелген заӊды тұлғалар (13,5%).

Сонымен қатар, бөлшек сауданыӊ көлемі 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларыныӊ қорытындысы бойынша, 66 млрд. 213 млн. теӊгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға артқан. Бөлшек сауда айналымыныӊ жалпы көлемінде азық-түлік тауарларыныӊ үлесі - 24 пайыз, азық-түлік емес тауарлары - 76 пайыз. Көтерме сауданыӊ көлемі - 31 млрд. 320 млн. теӊгеге жетіп, тауар айналымыныӊ 53,5 пайызын азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық өнімдер құраған.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны