17.07.2018, 22:06 4556

Түркістан облысында тамшылатып суғару көлемі артып келеді

Республикадағы салынған жылыжайлардыӊ 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісініӊ 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өӊірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша 86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті.

Түркістан. 18 шілде. Kazakhstan Today - Республикадағы салынған жылыжайлардыӊ 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісініӊ 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өӊірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша 86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаӊадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі 64,2 мыӊ гектарға жеткен.

"Облыс бойынша дәнді дақылдардыӊ барлық егіс көлемі 280,9 мыӊ гектарды құрап, межеден 35,9 мыӊ гектарға артты. Ал мақтаныӊ егіс көлемі 129,7 мыӊ гектарға жетіп, жоспардан 24,7 мыӊ гектарға өсіп отыр. Бүгінгі таӊда облыстағы барлық бау көлемі - 21 600 гектар, оныӊ ішінде интенсивті баулар - 2 800 гектар, жүзім - 10 200 гектар, таӊқурай - 208 гектар, жаӊғақ шаруашылығы - 350 гектарды құрайды. Ағымдағы жылы қосымша интенсивті баулар - 940 гектар, жүзім - 570 гектар, жаӊғақ 207 гектар алқапқа қосымша егілді", - деді Серік Ордабекұлы.

2018 жылдыӊ 6 айыныӊ қорытындысы бойынша өӊірдегі ірі қара малдыӊ саны - 6,7 пайызға, қой мен ешкі саны - 5,2 пайызға, жылқы басы - 9,6 пайызға, түйе - 6,7 пайызға, құс саны - 13,8 пайызға артқан. Сондай-ақ, облыста есепті кезеӊде 103,4 мыӊ тонна ет, сүт 364,4 мыӊ тонна сүт, жұмыртқа 95,1 млн. дана жұмыртқа өндірілген.

Бүдан өзге, "Сыбаға" бағдарламасымен 7352 бас аналық сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 13,8 пайызға жетті. "Алтын асық" бағдарламасымен 11 893 бас қой сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 5,1 пайызды құраған. "Құлан" бағдарламасы аясында 2059 бас жылқы алынып отыр.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны