27.05.2014, 22:56 3442

Ұ. Қарабалин: 2018 жылға дейін аймақтарды газбен қамтамасыз етуді 62%-ға дейін жеткізу жоспарланған

"Жыл сайын мемлекет республикалық қазына қорынан аймақтарды газдандыру мақсатында 15-17 млрд теңге көлемінде қаражат бөледі. Бұл өте қомақты қаражат. Айта кетерлік жайт, жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі арттырылып келеді. Осы ретте біз 2018 жылға дейін аймақтарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 62%-ға жеткізуді көздеп отырмыз", - деді Ұ. Қарабалин.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. 2018 жылға дейін Қазақстан аймақтарының 62% көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

"Жыл сайын мемлекет республикалық қазына қорынан аймақтарды газдандыру мақсатында 15-17 млрд теңге көлемінде қаражат бөледі. Бұл өте қомақты қаражат. Айта кетерлік жайт, жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі арттырылып келеді. Осы ретте біз 2018 жылға дейін аймақтарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 62%-ға жеткізуді көздеп отырмыз", - деді Ұ. Қарабалин.

Сонымен қатар, ведомство басшысы еліміздің кейбір өңірлерін газбен қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отырған проблемаларды атап берді.

"Елімізді газбен қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі. Басты себеп, елді-мекендер арасындағы қашықтық. Мысалы, 1 шақырым газ құбыры магистралінің құрылысына 2 млн. долл. астам қаржы кетеді. Ал, облыс орталықтары болса бір-бірінен 500-ден 700 шақырым қашықтықта орналасқан. Демек, 300 мың тұрғыны бар қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін үлкен инвестиция қажет", - деп министр ағынан жарылды.

Сонымен қатар, Ұ.Қарабалин газ саласын дамыту бойынша тұжырымдаманын жасақталып жатқанын тілге тиек етті.

"Біз Елбасының тапсырмасымен Қазақстандағы газ саласын дамыту бойынша тұжырымдаманы жасақтаудамыз. Онда еліміздегі атылмыш саланың түйіткілдері жан-жақты зерттелетін болады", - деп министр баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны