04.07.2017, 13:36 4393

ҰЭМ жекелеген тауарлар нарығындағы тұтынушылардыӊ құқығын қорғауды күшейтеді - Сүлейменов

Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысы барысында ведомствоныӊ тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы жұмысы туралы баяндады

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысы барысында ведомствоныӊ тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы жұмысы туралы баяндады.

Сүлейменов "Ұлттық экономика министрлігініӊ тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы саясатты және ведомствоаралық үйлестіруді бақылау-қадағалау функцияларын қолданусыз жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылатынын" атап өтті.

Оныӊ айтуынша, тұтынушылар құқығын қорғауды басқа мемлекеттік органдар қамтамасыз етуде және өздерініӊ негізгі қызмет әрекеті аясындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды көздеуде. Ол тұтас алғанда, өтініштерді қараудағы және шешім қабылдаудағы мемлекеттік органдардыӊ әдістері түрліше екендігін атап өтті, бұл түсіндіру, әкімшілік істерді қарау немесе тексерулер жүргізу.

"Жергілікті атқарушы органдар тұтынушылар құқығын қорғау жүйесіндегі және өз қызмет әрекеті бағытындағы өз рөлін тұтас көріп отырған жоқ. Дегенмен, олардыӊ жергілікті жерде халықпен жұмыс істейтінін ескерсек, олардыӊ бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруы қажет", - деді Сүлейменов.

2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар тұтынушылардан түскен 23 мыӊнан астам өтінішті қараған. Ұлттық экономика министрлігіне 4486 өтініш түсті, яғни, жалпы өтініштіӊ 19%-ы. Ұлттық банкке барлық өтініштердіӊ 56%-ы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне - 11%, Қаржы және энергетика министрліктеріне - 3%-дан келеді.

"Мемлекеттіӊ бақылаушылық функциясын азайту жағдайында тұтынушылар құқығын қорғау деӊгейін арттыру үшін Ұлттық экономика министрлігі жекелеген тауарлық нарықтардағы тұтынушылар құқығын қорғауды күшейтуді жоспарлауда. Электрондық саудаға қатысушылардыӊ қызмет әрекетін тұтынушылардыӊ құқығын сақтау кепілдігін анықтау арқылы регламенттеу, сондай-ақ жарнамаларды орналастыру талаптарын күшейту, оныӊ ішінде оны орналастыру уақыты, шындыққа сәйкестігі және тауардыӊ тұтынушылық ерекшелігі талаптарын күшейту қарастырылуда", - деді Сүлейменов.

Оныӊ айтуынша, сондай-ақ "тауардыӊ сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарын сақтамағандығы үшін кәсіпкерлік субъектілерініӊ жауапкершілігін арттыру" ұсынылып отыр.

"Біз оқу курстарын енгізу арқылы тұтынушылық білім деӊгейін, сондай-ақ тұтынушылардыӊ азаматтық белсенділігін және олардыӊ тауарлар, құқықтар мен міндеттер бойынша хабардарлығын арттыруды ұсынып отырмыз. Сондай-ақ мемлекеттік органдардыӊ БАҚ-пен жұмысын жандандыру, тұтынушыларды ақпараттандыру, кеӊестер беру және ағарту бойынша жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ талдау есебіне қолданыстағы заӊнаманы және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді міндетті тармақты қосу ойластырылуда", - деді Сүлейменов.

Оныӊ айтуынша, Бас прокуратураға тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі бойынша сәйкес статистикалық есептілікті енгізу туралы ұсыныс енгізілетін болады.

"Тұтынушылар құқығын қорғаудыӊ институттық негізін жетілдіру тұтынушылар құқығыныӊ бұзылуыныӊ алдын алуға, нарықтыӊ сапалы тауарлармен толығуына және ақыр аяғында, Қазақстандағы тұтынушылық сұраныстыӊ артуына ықпал ететін болады", - деді Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны