22.07.2014, 19:26 1843

Үкімет 7 компанияның сертификаттау кезінде келтірілген шығынын қайтарды

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау аясында 7 компанияның сапа менеджменті жүйесі, тауары мен қызметін сертификаттау кезіндегі келтірілген шығыны қайтарылды, - деп хабарлайды ҚР ИЖТМ.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау аясында 7 компанияның сапа менеджменті жүйесі, тауары мен қызметін сертификаттау кезіндегі келтірілген шығыны қайтарылды, - деп хабарлайды ҚР ИЖТМ.

"KSP Steel" ЖШС, "Astana Solar" ЖШС, "КПМ Пласт" ЖШС, "Format Mach Company Инжиниринг" ЖШС, "Қазлегпром-Алматы" ЖШС, "Исмер СпецЭксклюзив" ЖШС, "Жігермұнайсервис" ЖШС компанияларына ISO, API, ASTM секілді өзге де халықаралық талаптарға сай сапа менеджменті жүйесі, тауар, жұмыс пен қызметті сертификаттау кезіндегі келтірілген шығын қайтарылды.

ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 9-ыншы шілдесіндегі Қаулысына сай, 27 түрлі өндіріске шығын қайтарылады, солардың арасында электр құрылғысын, текстиль бұйымдарын, резеңке, пластмасса бұйымдарын дайындау және басқалары.

"KSP Steel" ЖШС бас директоры Эдуард Креймердің айтуынша, аталмыш компания мұнай-газ саласына арналған тігіссіз трубаларды өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдауының осындай шаралары кәсіпкерліктің сапа менеджменті жүйесінің дамуына жол ашып, нарықта өз орнын тауып қана қоймай, сонымен қатар көшбасшылық көрсеткіштерге де жетелейді.

Естеріңізге сала кетейік, шығындарды өтеу деңгейі соманың 50%-ын құрайды. алайда бұл көрсеткіш 3000 АЕК-тен аспауы тиіс. Қазақстандық өндірушілердің шығынарын қайтарудың тағы бір шарты "Қазақстандық қамту" порталының тауар, жұмыс, қызмет пен олардың мердігерлерінің мәліметтер базасында тіркелуі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны