26.01.2007, 19:32 3074

Үкімет басшысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігіне бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін облыс әкімдерінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесе отырып бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстыр әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бюджеттік қатынастарда әлі де болса бірқатар жағымсыз жәйттер сақталуда",- деді К. Мәсімов. Атап айтқанда, оның пікірінше, басым кемшіліктер "жергілікті бюджеттің жұмсалатын қаржы талаптарын оның жұмыс сапасын ескермей бағалау, қабылданып отырған басым шешімдердің артық орталықтандырылуы, атқарушы органдардың өзіндік кіріс базасын кеңейтуге ынтасыздығы" болып табылады.

Сонымен қатар, үкімет басшысы министрлер кабинетінің алдында "бюджеттік жоспарлауға қатысты" көптеген жұмыстар күтіп тұрғандығын мәлім етті. "Сіздерге қаржы ресурстарын басқаруда дербестік беріледі. Бірақ, сонымен қатар нақты нәтижелерге жетуге қойылатын бақылау да күшейтіледі, біз осының нәтижесінде сіздердің жұмыстарыңыздың сапасы туралы қорытынды жасаймыз",- деп атап көрсетті К. Мәсімов, жиналысқа қатысушыларға қарап сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны