05.05.2009, 19:06 2619

Үкімет басшысы "Exxon Mobil" компаниясының жаңадан тағайындалған бас менеджерімен компанияның еліміздегі қызметін дамытудың перспективаларын талқылады

Үкімет басшысы "Exxon Mobil" компаниясының жаңадан тағайындалған бас менеджерімен компанияның еліміздегі қызметін дамытудың перспективаларын талқылады

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Exxon Mobil Kazakhstan" компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында корпорацияның жаңадан тағайындалған бас менеджері Майк Крус таныстырылды.

Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, "Exxon Mobil" компаниясының кен орындарын игеру жөніндегі қазақстандық жобаларға қатысуы және компанияның еліміздегі қызметін дамытудың перспективаларын талқылады.

К.Мәсімов мұнай-газ саласында жоғары жергілікті үлес бар озық технологиялы өндіріс орнын құрудың қажеттілігіне айрықша назар аударып, ҚР үкіметі мұндай жобаларды іске асыруға көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны