22.05.2012, 11:43 2601

Илемдік экономикалық архитектураға жаңа көзқарас

Қазақстанның елордасында 22-24 мамырда V Астана экономикалық форумы өтеді. Форум "Жаһандық трасформация жағдайында әлемдік экономиканың даму проблемалары мен оның болашағы" деген тақырыпқа арналады.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Илемдік экономикалық архитектураға жаңа көзқарас, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның елордасында 22-24 мамырда V Астана экономикалық форумы өтеді. Форум "Жаһандық трасформация жағдайында әлемдік экономиканың даму проблемалары мен оның болашағы" деген тақырыпқа арналады.

23 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен V Астана экономикалық форумының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Форум бағдарламасында әлемнің 85 елінен келетін 6500 астам делегаттың қатысуымен 40-тан астам іс-шара өтеді. Форумға танымал мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық сарапшылар, Нобельдік сыйлықтың лауреаттары қатысады. V Астана экономикалық форумның аясында "Connect Kazakhstan" Еуразиялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар форумы, VII Инновациялық конгресс, "Қазақстанның энергия-экологиялық бастамалары" атты Жаһандық энергия-экологиялық форум, "Astana Invest 2012" Инвестициялық форумы және т.б. шаралар өтеді. Форумда сондай-ақ Елбасының бірегей бастамасы - "G-Global" жаңа коммуникативті алаңы таныстырылады.

Оған қоса, форум аясында Тәуелсіздік сарайында көрме ашылады. Онда Қазақстанның 50-ден астам ең перспективалы және жоғары технологиялық жобасы таныстырылады. Және ҚР Премьер-Министрінің Pm.kz ресми сайтында 24 мамырда сағат 17.30-да "Көшбасшылар диалогы: жаңа қаржылық-экономикалық саясат" жарыссөзінің онлайн-таратылымы өтеді. Пікірталас барысында жоғары лауазымды саясаткерлер мен экономистер әлемдегі қазіргі қаржылық-экономикалық cілкіністер туралы өз сараптамалық пікірлерін ортаға салады. Жиынға қатысушылар сондай-ақ әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін қарайды және G-20-ның қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі міндеттемелерінің орындалу жағдайын талқылайды.

Диалогқа қатысушылардың арасында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр, Италияның экс-премьері Романо Проди, Мадрид клубының президенті Вим Кок, ДСҰ Бас директорының орынбасары Алехандро Хара, Жаңарған Бреттон-Вуд комитетінің Атқарушы директоры Марк Узан, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бұрынғы бас хатшысы Дональд Джонстон және т.б. бар. Жарыссөзге сондай-ақ Нобельдік сыйлықтың лауреаттары, танымал журналистер қатысады.

V Астана экономикалық форумының негізгі қорытындысы әлемдік экономиканы сауықтыру және дамыту жөніндегі ел үкіметтеріне жасалған ұсыныс-кеңестердің Ашық хаты болмақ. Құжат G-8 және G-20 ұйымдастыру комитеттеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюталық қорға, Дүниежүзілік банкке, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына жолданады.

Форум күндері Pm.kz сайты V Астана экономикалық форумының басты оқиғаларын, негізгі спикерлердің сөздерін, сондай-ақ форумға қатысушы белгілі тұлғалармен болған арнайы сұхбаттарды жариялап отырады. Біздің сайтымыздан жаңалық күтіңіздер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны