29.08.2007, 18:44 2299

Илемдік қаржы нарығындағы ахуал еліміздің қаржылық жүйесіндегі дағдарыс туралы айтуға мүмкіндік бермейді

Қазақстан қор биржасындағылардың пікірінше, әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі дағдарыс туралы айтуға негіз жоқ, деп хабарлайды агенттік.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АЛМАТЫ. Қазақстан қор биржасындағылардың пікірінше, әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның қаржылық жүйесінде дағдарыс бар деп айтуға негіз жоқ, деп хабарлайды агенттік.

"Біз "дағдарысты" өз қолымыздан жасап отырмыз, бұл жерде ешбір кездейсоқ төтенше оқиға болып жатқан жоқ", - деді кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан қор биржасының ақпарат және талдау департаментінің директоры Андрей Цалюк. "Ұлттық банктің қоры мен жалпы Ұлттық банк қол жеткізе алатын ақша көлемі жеткілікті, және де еліміздің банк жүйесінің бекемдігі қазіргі кезеңде бұл дағдарысты қиындықсыз жеңуге мүмкіндік береді", - деді ол.

"Ғаламдық ликвидтілік дағдарысы деген атауға ие болған құбылыстың әсерімен елімізде қазір болып жатқан оқиғаларға еліміздегі реттеуіш үш жыл бойы талпынған", - деп санайды А. Цалюк. Атап айтсақ, "доллар бағамының өсу ағымы байқалуда, бұған банктер тарапынан сұраныстың өсуі себеп". Дегенмен, А. Цалюктің атап өткеніндей, "доллар бағамы былтыр тіпті қазіргіден де ауқымды әрі үлкен қарқынмен өскен болатын".

Қазақстан қор биржасы өкілдерінің пікірінше, республиканың ішкі нарығында АҚШ валютасына деген сұраныстың өсе түсуіне Ұлттық банктің 29-тамыздан бастап екінші деңгейлі банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар бойынша нормативті өсіруге ниеті бар екенін жариялауы мен "АҚШ-тағы жоғары тәуекелді ипотекалық несиелерге қатысты проблемалар туралы" әлемдік жаңалықтар әсер еткен. "Аталған екі фактор да Қазақстанның коммерциялық банктері үшін шетелдерден алатын несиені қымбаттатып жіберді, ал ақша тапшылығына байланысты әлемдік дағдарыс шетелдік инвесторларды ақшаларын Қазақстанның ішкі нарығынан шығарып әкетуге мәжбүрледі", - деп санайды биржа өкілдері.

А. Цалюктің пікірінше, осындай жағдайда "Standart & Poors, Fitch Ratings, Moody's секілді шетелдік сарапшылардың еліміздегі қаржылық ахуалға берген оң бағасының маңызы зор". "Республиканың, қазақстандық банктің немесе компанияның бірде-бір рейтингі төмендетілген жоқ, тіпті болжамдар да өзгерген жоқ. Демек, болған барлық тәуекелдер сақталып отыр, ал бұдан тереңірек рейтингтік әрекеттерге ешбір негіз жоқ", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Ұлттық банк төоағасы Инуар Сәйденов 9-қазаннан бастап Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды төмендететінін мәлімдеген. "Нәтижесінде, біздің бағалауымызша, екінші деңгейлі банктерде қосымша 120 млрд теңгеге жуық қаржы пайда болмақ, оны банктер Ұлттық банкте ұстауға тиіс", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны