27.01.2009, 16:36 2487

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүйелі, желілік жобаларға артықшылық беруге тиіс - Шүкеев

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүйелі, желілік жобаларға артықшылық беруге тиіс - Шүкеев

Шымкент. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ауылдық жерлерде желілік жобаларды ұйымдастыру тәжірибесі барлық өңірлерге таратылуға тиіс. Бұл туралы еліміздің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев кеше Шымкентте өткен "Агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік" атты өңірлік форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кейбір Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар дұрыс іспен шұғылдана алмай отыр. Бірнеше миллиардтаған долларға бағаланатын ірі жобалар мен кеніштерді алды. "Алыпқа ұмтылудың" аяғы немен тынғаны өздеріңізге мәлім. Ірі кеніштерге қатыстының бәрі ірі инвестициялармен сабақтас. Дағдарыстың салдарынан бәрі де мәнінен айрылды. Қазір ешбір инвестиция жоқ. Ірі өңдеу зауыттарында да келешек жоқ. Құрылыс саласының келешегі де бес жылға созылады", - деді Ө. Шүкеев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны