20.10.2009, 15:47 2811

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржысын банк депозиттерінде сақтау орынды - "Жетісу" ИКК жетекшісі

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржысын банк депозиттерінде сақтау орынды - "Жетісу" ИКК жетекшісі

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржысын банк депозиттерінде сақтау орынды. Бұл туралы бүгін "Жетісу" ИКК басқармаларының төрағасы Асқар Сманқұлов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Есеп комитетінің бағалауынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда (ИКК) мемлекет активтері тиімсіз басқарылуда.

Есеп комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007-2008 жылдары "Сарыарқа", "Ертіc", "Тобыл", "Батыс", "Каспий", "Жетiсу" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларында 6,3 млрд теңгенің заң бұзушылықтарына жол берілген.

ИКК қызметінің құқықтық негізі жеткілікті дәрежеде регламенттелмеген. Оларды дамытудың бірыңғай стратегиясы жоқ. Акционерлердің жиі ауысуы, ИКК-нің кешенді түрде қалыптасуы мен дамуы мәселелерінде жүйеліліктің болмауы оларды құру кезінде мәлімделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуде.

Жекелеген ИКК-лердің кірісін талдау, олардың құрылымындағы үлес салмағының 100%-ына дейін қаржыны екінші деңгейдегі банкілердің депозиттеріне орналастыруда түскен сыйақы және есепшоттардағы қаржы қалдығы құрайтынын көрсетті. Мәселен қаржыны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен сыйақылардан "Ертіс" ИКК-де 158,2 млн теңге және "Оңтүстік" ИКК-де 265,6 млн теңге мөлшерінде кіріс алынған. "Каспий" ИКК-де және "Жетiсу" ИКК-де сыйақы мөлшері алынған кірістің шамамен 95%-ын құрайды.

Жалпы, 2007-2008 жылдары республикалық бюджеттен жеті ИКК-нің жарғылық капиталын толықтыруға 39,4 млрд теңге бөлініп, кейіннен екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырылған. Жалпы, депозитке 53,2 млрд теңге орналастырылып, 2009 жылғы 1 қаңтарда салымдар бойынша түскен сыйақы 1,7 млрд теңгені құраған.

ИКК шығыстарының құрылымында еңбекақыға жұмсалатын қаражат көлемі 2007 жылғы 209,7 млн теңгеден 2008 жылы 1,1 млрд теңгеге, яғни 6 есеге артқаны байқалады. Еңбекақы шығыстары әкімшілік шығыстардың жалпы көлемінің "Ертіс" ИКК-де - 69%-ын, "Батыс" ИКК-де - 59%-ын, "Оңтүстік" ИКК-де 55 пайызын құрайды.

2007-2008 жылдары ИКК өз қызметін тиісті орта мерзімді даму жоспарынсыз жүзеге асырды. 2007-2008 жылдардың жинақталған қаржы есептілігі бекітілмеген, қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысы бойынша таза пайданы бөлу және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер есептеу жүргізілмеген. Дивидендтік саясат туралы ереже әлі күнге дейін бекітілмеген.

Жұмыс істеп тұрған жеті ИКК-нің төртеуі 2007-2008 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысы бойынша, жалпы алғанда, 1,4 млрд теңге, оның ішінде, "Жетiсу" ИКК - 483,9 млн теңге, "Каспий" ИКК - 462,1 млн теңге, "Тобыл" ИКК - 269,0 млн теңге және "Батыс" ИКК - 203,8 млн теңге шығынға ұшырады.

Еншілес және тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар күтілген кіріске қол жеткізбеді. Мәселен, 2009 жылдың басында "Сарыарқа" ИКК ҰК" АҚ еншілес және тәуелді 23 ұйымға 6,9 млрд теңге инвестиция құйған, алайда олардың 2007 жылғы қызметтерінің нәтижелері бойынша тек екі ұйымнан ғана жалпы 0,9 млн теңге дивиденд алынған.

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласына көшіп келген 200 оралман отбасын "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге "Ертіс" ИКК-ге республикалық бюджеттен 968,3 млн теңге бөлінген, алайда жаңа мекенге көшуге ниет білдірушілердің болмауына байланысты аталған қаражат игерілмей қалған.

Қарағанды қаласындағы №4 жылу электр орталығын салу үшін техникалық экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН), сондай-ақ Теміртау қаласындағы индустриялық паркті салу үшін әзірленуіне 802 млн теңге жұмсалған ТЭН және жобалау сметалық құжаттама (ЖСҚ) пайдаланылмауда. Индустриялық паркті Қарағанды қаласына көшіргеннен кейін ТЭН-ді және ЖСҚ-ны әзірлеуге қосымша 224,9 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалған.

2008 жылғы қаңтар айында құны 3,3 млрд теңге тұратын индустриялық парктің электрмен қамтамасыз ету жұмыстарының сыртқы желісін салу аяқталды. Алайда, Полиметалл кремний шығару зауытының уақтылы іске қосылмауына байланысты, аталған желі әлі күнге дейін пайдаланылмауда.

Есеп комитеті үкіметке ИКК қызметінің құқықтық негізін реттеуді, сондай-ақ оларды дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеуді ұсынды. Индустрия мен сауда министрлігіне ИКК-ды дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын, ИКК-нің өткен кезеңдер үшін жинақталған жылдық қаржы есептілігін, дивиденд саясаты туралы ережені бекітудің қажеттігі көрсетілді. Сондай-ақ Индустрия мен сауда министрлігіне ИКК-дың таза табысын бөлу және дивидендтерді бюджет кірісіне жіберу жөнінде шаралар қолдану ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны