18.09.2015, 21:35 4938

Ұлттық банк 67,2 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді

Бүгін Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тыӊ сауда-саттығында 67,2 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізуін жалғастырды

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тыӊ сауда-саттығында 67,2 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізуін жалғастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше бұл көрсеткіш 270,4 млн АҚШ долларын құраған болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кету керек, 16 қыркүйекте ҚР Ұлттық банк валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады. Бұл қадам валюта нарығына қатысушылардыӊ алыпсатарлық операцияларыныӊ ?серінен теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ құбылмалылығыныӊ өсуіне ?рі іргелі макроэкономикалық факторлардыӊ объективті және елеулі өзгеруініӊ болмауына байланысты қабылданды.

Естеріӊізге сала кетейік, Ұлттық Банкі 2015 жылғы 20 тамыздан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге шешім қабылдаған болатын. Аталған қадам инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаӊа ақша-кредит саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр. Теӊгеніӊ айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделді. Бұл ретте Ұлттық Банк теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ нарықтық деӊгейініӊ қалыптасуына араласпайды, бірақ елдіӊ қаржы жүйесініӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігі бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны