30.12.2009, 17:26 3148

Ұлттық банк Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арнап 1 мың теңгелік ескерткіш банкнотты айналымға шығарады

Ұлттық банк Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арнап 1 мың теңгелік ескерткіш банкнотты айналымға шығарады

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық банк Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арнап 1 мың теңгелік ескерткіш банкнотты айналымға шығарады. 5-қаңтардан бастап номиналы 1 мың теңгелік ескерткіш банкнот айналымға шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

2010 жылғы үлгідегі бұл банкнот Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналып отыр. Таралымы 10 миллион дана болатын мың теңгелік бұл банкноттың көлемі 137 х 70 миллиметр. Бүкіл өнбойындағы ашық орындарға қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бейнелері пайдаланылған банкноттың бет жағында - елтаңба, оң жақ бұрышында ұлттық нақышта безендірілген ұшып бара жатқан құстың суреті бар. Орта бөлігінде қызыл-көк түспен номиналдың сандық және мәтіндік белгіленуі мемлекеттік тілде жазылып, оң жағында голографиялық тәсілмен және құбылмалы бояумен Ұлттық банк логотипі бейнеленіп отыр. Сырт жағында - сол жақ төменгі бұрышында мемлекеттік жалау. Банкноттың ортасында "Бәйтерек" монументі шарының аясында ҚР президентінің резиденциясы Ақорда бейнеленген. Төменгі орталық бөлігінде номиналдың орыс тіліндегі мәтіндік белгіленуі, жоғарғы бөлігінде алтын түстес жылтыры бар арнайы бояумен "2010" деген жазуы құстың суреті, сол жақ төменгі бөлігінде номиналдың сандық белгісі көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны