12.07.2007, 17:44 2337

Изербайжанда сұйытылған газ өндіру біржола тоқтатылды

БАКУ. 12-шілде. Kazakhstan Today. Изербайжанда сұйытылған газ өндіру біржола тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясынан хабарлады.

"Бакудегі Гейдар Илиев атындағы мұнай өңдеу зауытында катализдік крекинг қондырғысына жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіле бастауға байланысты Изербайжанда сұйытылған газ өндіру біржола тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары осы қондырғыда апат шығуына байланысты басталған. Апаттың себептерін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр, қондырғының ішіндегі температура ол үшін төмендеуі керек", -деп хабарлайды Мемлекетттік мұнай компаниясындағы ақпарат көзі.

Изербайжанның сұйытылған газға ішкі сұранысы жылына 120 мың тоннаны құрайды, ал Баку мұнай өңдеу зауыты жылына 200 мың тоннаға дейін газ өндіре алады. 2006 жылы елде 148 мың тонна сұйытылған газ өндірілген, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 11,5% артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны