11.01.2013, 10:49 2462

Изірбайжандық компаниялар Қазақстандағы логистикалық орталықты құруға қатысу мүмкіндігін қарастыруда

Изірбайжандық компаниялар Батыс Қазақстандағы логситикалық орталықтың құрылуына және бұл орталық арқылы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыса алады.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Изірбайжандық компаниялар Қазақстандағы логистикалық орталықты құруға қатысу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Изірбайжандық компаниялар Батыс Қазақстандағы логситикалық орталықтың құрылуына және бұл орталық арқылы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыса алады.

Бұл туралы кеше Баку қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевпен кездесуден кейін Изірбайжанның экономикалық дамыту министрі Шахин Мұстафаев айтты.

"Қазақстанның батыс облыстарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында әзірбайжандық делегацияның Ақтау қаласына сапары, сондай-ақ бірлескен бизнес-форумды ұйымдастыру күтіледі", - деді министр Ш.Мұстафаев.

Оның айтуынша, Изірбайжан мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстар өзара құрметтеушілік пен өзара тиімді ынтымақтастық принциптеріне сүйенеді. Бүгінде екі елдің арасында 20-ға жуық құжатқа қол қойылды, берік келісімдік-құқықтық база құрылды.

Өз кезегінде Қ.Көшербаев Қазақстанда Изірбайжанмен ынтымақтастықты кеңейтуге, әзірбайжандық экономиканың түрлі салаларында, әсіресе аграрлық секторында қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялар мен әдістерге үлкен қызығушылықтың бар екенін жеткізді.

Кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейтудің болашағы, экономиканың түрлі салаларындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны