17.07.2019, 12:33 9821

Қызылорда облысының Сырдария ауданының орталығына газ құбырлары жүргізілуде

Тереңөзек кентін газдандыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі күні көгілдір отынмен қамтуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда техника мен материалдар жеткізілуде.

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Сырдария ауданының орталығына газ құбырлары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырлары құрылысы жобасы бойынша кент ішіне газ тартуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жоба бойынша жоғары қысымдағы және орта қысымдағы газ құбырлары, ГРП, ШГРП, тағы басқа салынады. Аудан орталығын газбен қамтитын мердігер мекеме - "Алия сервис" ЖШС.

Тереңөзек кентін газдандыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі күні көгілдір отынмен қамтуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда техника мен материалдар жеткізілуде.

Биыл ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №3 газ тарату пункті құрылысы жүргізілетін болады. Ал келер жылы №1, 2, 4, 5 және 6 газ тарату пункттерінің құрылысы жүргізіліп, халық көгілдір отынның игілігін көрмек.

Тереңөзек кентінде газ құбырын жүргізуді бақылау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы тобы құрылып, газ құбыры жүретін көшелерді аралау, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны