29.05.2009, 16:45 2749

Жалға берілетін баспананы сату және кейін сатып алу ережелері 1,5 - 2 айдан кейін жария етіледі - Жылжымайтын мүлік қоры

Жалға берілетін баспананы сату және кейін сатып алу ережелері 1,5 - 2 айдан кейін жария етіледі - Жылжымайтын мүлік қоры

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жалға берілетін баспананы сату және кейін сатып алу ережелері 1,5 - 2 айдан кейін жария етіледі. Бұл туралы бүгін "Жылжымайтын мүлік нарығын қолдау шараларының жүзеге асырылуы жөніндегі" баспасөз мәслихатында "Самұрық - Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Госман Амрин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз қазір алдын-ала өтініштер бойынша арнаулы мәліметтер базасын жасап жатырмыз және барлық ақпаратты Жылжымайтын мүлік қорының атын жолдаудамыз. Біз барлығын жүйелеп жатырмыз, бізде қазір алғашқы өтінімдер бар, олар жеке тұлғалардан да, ұйымдардан да келіп түсуде", - деді Г. Амрин.

Оның айтуынша, жалға берілетін баспананы сату және кейін сатып алу ережелері 1,5 - 2 айдан кейін жария етіледі.

Қор басшысының айтуынша, ереже тұрғын үй қатынастары саласын реттейтін заңға тиісті өзгерістер енгізілмейінше, жария етілмейді.

"Жал төлемі" деген не, оның табиғаты қандай, егер адам кейінірек сатып алу құқығынсыз жалға алса, ондай жағдайда "жал төлемі" не болмақ, егер ол сатып алу құқығымен алса, онда "жал төлемі" деген не екендігіне айқын түсінік беру керек. Кез-келген ғимаратты біраз уақыттан кейін жөндеу қажеттігі туындайтыны түсінікті, мәселенің мәнісі осыда", - деді Г. Амрин.

Сонымен бірге, қор басшысының айтуынша, алаяқ жалға алушыларға қатысты арықарайғы іс-әрекеттерге байланысты мәселелерді ерте бастан ойластыру қажет. "Бүгінгі заңнамаға сәйкес, жалға пәтер алған адамды жалға алған баспанасы үшін ақы төлемей қойса, тек соттың шешімімен ғана төлеуге мәжбүрлеуге болады. Бұл ауқымды процедура және оған жаңа түзету қабылдау көмек болмақ", - деді Г. Амрин.

Оның айтуынша, келешек жалға алушы пәтерді алудан үміткер болу үшін оның жалға берушінің алдындағы қаржылық жауапкершілігін қамтамасыз ететін депозит ашуға тиіс.

"Жалға алудың кез-келген жүйесі жалға алмас бұрын адам қандайбір депозит ашуға тиіс екенін білдіреді, мәселен, егер ол осы бөлмеге немесе пәтерге өзінің іс-әрекеттерімен орны толмас шығын келтіріп жатса, депозит оның жалға берушінің алдындағы жауапкершілігін сақтандырады", - деді Г. Амрин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны