20.12.2013, 20:27 2970

Жалпыхалықтық телекөпір барысында Қостанайда сұрыпты прокат зауыты ашылды

"Өндірісті іске қосу елге арматура импортын айтарлықтай төмендетеді. Және 256 жаңа жұмыс орнын ашады. Сонымен қатар, тауарларымыз КО елдері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Иран мен Түркіменстанға сатылады", - деп түйіндеді Д.Қилыбаев.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 20 желтоқсанда ҚР Президентінің қатысуымен өтіп жатқан Жалпыхалықтық телекөпір барысында болат- арматура шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстан Даму Банкінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, телекөпір Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру күні аясында өткізілуде және үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы Индустрияландыру картасы инновациялық жобаларын жүзеге асыруға арналған.

"Евраз Каспиан Сталь" ЖШС жобасы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ тарапынан қаржыландырылып, EVRAZ GROUP-мен біріге отырып "Caspian Group" АҚ қазақстандық компаниясы арқылы орындалуда.

"Кәсіпкерліктің өндірістік қуаты жылына 450 мың тонна арматура өндіруге қауқарлы. Ал 2014 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап толық қуатқа ие болуды көздеп отырмыз", - деп мәлімдеді ҚДБ Басқарма бастығының орынбасары Дәулетхан Қилыбаев.

Өнеркәсіпке басты шикізат сапалы әйнек өнімері болып табылады, ол Новокузнецк қаласындағы Батыссібірілік металлургия комбинатынан тасымалданады.

"Өндірісті іске қосу елге арматура импортын айтарлықтай төмендетеді. Және 256 жаңа жұмыс орнын ашады. Сонымен қатар, тауарларымыз КО елдері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Иран мен Түркіменстанға сатылады", - деп түйіндеді Д.Қилыбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны