15.10.2009, 17:45 3241

Жамбыл облысында жасанды жанармай тапшылығы жасалған - облыстық әкімдік

Жамбыл облысында жасанды жанармай тапшылығы жасалған - облыстық әкімдік

Тараз. 15 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында жасанды жанармай тапшылығы жасалған. Оны Тараздағы кейбір жанармай тарату станцияларының жетекшілері қолдан туындатқан. Бұл туралы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ерік Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Е. Көшербаевтың айтуынша, тәуліктік сұраныс 546 тонна жағдайда бүгінде облыста орта есеппен 460 тоннасы бар. Бүгінгі күні "ПетроҚазақстан", "ТорғайПетролеум", "Қазгермұнай" және "Гелиос" жеткізушілерімен қатар Жамбыл облысына жанармайды басқа да ұсақ кәсіпорындар да жеткізеді.

"Біздің өңір үшін ай сайын 10 мың тонна көлемінде жанар-жағармайдың кепілді көлемін жеткізуге лимит белгіленген. Алайда бұдан тұрақты жоғары көлемде жанар-жағармай жеткізіледі", - деді ол.

Басқармадағылардың түсіндіруінше, тамыз айында облысқа 12,5 мың тонна жанармай, қыркүйекте - 13 мың тонна жанармай жеткізілген. Қазанның бірінші аптасында 3,3 мың тонна сұйық отын жеткізілді.

"Мәселен, "ПетроҚазақстан" компаниясы тамызда жоспарланған 3 мың тоннаның орнына 4,2 мың тоннасын, қыркүйекте 4,3 мың тоннасын жеткізген. Ал жеткізуші АИ-80 маркалы жанармайды нәбәрі 36 теңгеге сатқан. Жамбылдағы жанармай тарату станцияларында оның құны бір литріне 70 теңгеге дейін өскен. АИ-92 жанармайына қатысты да сондай жағдай: оны босату бағасы литріне 50 теңге болса, жергілікті жанар тарату станциялары бір литрін 96 - 99 теңгеге сатады", - деді Е. Көшербаев.

Оның айтуынша, жергілікті жанармай тарату бекеттерінің жетекшілері жанармай жоқ деп ауыздарын қу шөппен сүрткенімен, алайда "мұқият тексеру кезінде дәл осы бекеттердің өзінде жанармайдың жеткілікті көлемде болғаны анықталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны